astana-view

Қазақстан мен Ресейдің бизнес-омбудсмендері келісімге қол қойды

2017 жылғы 02 Қыркүйек
3640 просмотров

Форум барысында әрі қарайғы ынтымақтастық туралы құжаттарға қол қойылды

Қазақстан мен Ресей бизнес-омбудсмендерінің I Форумы барысында әрі қарайғы өзара тиімді ынтымақтастық туралы құжаттарға қол қойылды.

 Келісімге Қазақстан кәсіпкерлерінің құқықтарын қорғау жөніндегі уәкіл Болат Палымбетов пен Ресей Федерациясы Президентінің жанындағы кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау жөніндегі уәкіл Борис Титов қол қойды. Құжат Қазақстан мен Ресей бизнес-омбудсмендерінің арасында кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау мәселелері мен кәсіпкерлік саладағы ақпаратты беру жөніндегі келісімді қамтиды.

«Атамекен» ҚР ҰКП Басқарма Төрағасының орынбасары Рүстем Жүрсінов пен ҚР Бас прокурорының орынбасары Марат Ахметжанов «Атамекен» ҚР ҰКП мен ҚР Бас прокуратурасы арасындағы келісімге қол қойды. Құжат кәсіпкерлердің жүйелі мәселелерін анықтап, бірлесе отырып шешу жөніндегі мәселелерді реттейді.

         Қазақстан кәсіпкерлерінің құқықтарын қорғау жөніндегі уәкіл Болат Палымбетов атап өткендей, Форум – кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау бойынша тәжірибелермен алмасуға жақсы алаң болып табылады.

«Біз қылмыстық кодексті барынша ізгілендіру бойынша және бизнеске кедергі келтіретін әкімшілік кедергілерді азайту бойынша алда келеміз. Заңнамалық және нормативтік құжаттардағы және Салық кодексіндегі өзгертулер Ресейліктердің ерекше қызығушылығын оятып отыр. Келісім тек кәсіпкерлердің құқықтарын қорғауда ғана емес, ақпарат алмасуда да өзара қарым-қатынас орнатады. Мысалы, егер Қазақстанда қандай да бір заң қабылданар болса, және де ол Ресейде қабылданып қойған болса, біз сол қателікті қайталамауға тырысамыз, яғни ақпарат алмасу заңды түрде іске асады», – деді Болат Палымбетов.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер