astana-view

«Бастау Бизнес»: орындалған арман

2017 жылғы 04 Қыркүйек
- Жетісу облысы

Жобаға қатысушы жеке сұлулық студиясын ашты

Алматы облысы Іле ауданының тұрғыны Гүлжайна Ыбрайымова үшін биыл нәтижелі әрі сәтті жыл. Жақында ол жеке сұлулық студиясын ашып, көптен армандаған ойын іске асырды. Бұл кәсіпке жету үшін 15 жыл уақыт керек болды. Жаңа істі қолға алған кәсіпкердің айтуынша арманға сеніп, оның іске асырылу жолында жұмыс істеу керек. 

Гүлжайнаның табыс құпиясы қарапайым. Ол мемлекеттік бағдарлама аясында жүзеге асырылып жатқан «Бастау Бизнес» курсына жазылып,  бір ай көлемінде жүргізілген оқуға қатысты. Онда бизнес-жаттықтырушы кәсіпкерлік жүргізу негіздеріне, бизнес-жоспар әзірлеуге үйретіп қана қоймай, жобаны іске асыру бойынша жеке кеңестер берді. 

Бұған дейін Гүлжайна биолог ретінде жұмыс істеді. Айтуынша, 30 мың теңге жалақы ештеңеге жетпейтін. Осылайша бизнес бастау туралы шешім қабылдады.  

«Жеке сұлулық салонының болғанын қаладым. Бірақ, бастауға жүрегім дауаламады, істің салдарына алаңдайтынмын. Сол уақытта әпкем Лилияның сұлулық салоны бар еді. Онда жұмыс істеуді үйреніп, өз ісімді ашуға қамдандым. Орындарды жалға алдым, алғашқы клиенттер пайда бола бастады. Бірақ, барлығында бірдей қажетті жағдай жоқ еді. Бірінде желдеткіш болмаса, басқасында тағы да қолайлы жағдай болмады», - дейді ол. 

Одан кейін Гүлжайна ісін дамыту үшін несие алуды ойлаған. Алайда, банктерді аралап, қаражат алу шарттары мен талаптарына қынжылды. Себебі, пайыздық мөлшерлемесі жоғары несиені алуға мүмкіндігі жоқ еді. «Бастау Бизнес» жобасының мүмкіндіктері мен ерекшеліктерімен танысып, қатысуға өтінім берді. 

«Бизнес-жоспарды әзірлеу барысында көптеген ұсақ-түйектерге назар аудармаймыз. Анығында ол үшін де қаражат керек. Әсіресе, осының барлығын жаңадан бастаушылар ескеруі тиіс. Сонымен бірге, өнімді өткізу- маңызды істердің бірі және бизнестің болашағын анықтайды», - дейді Гүлжайна Ыбрайымова. 

Кәсіпкер сұлулық студиясын «Әдемі» деп атады. Салон Өтеген батыр кентінің орталығында орналасқан. Аз уақыт ішінде сұлулық студиясы танымалдыққа ие болып үлгерді. Әйелдер мен қыздарға визажист, косметолог, татуаж бойынша шебер, шаш бояушы мамандары қызмет көрсетеді.

Жас кәсіпкер мемлекет тарапынан кәсіпкерлікті қолдауға арналған қомақты шараның арқасында арманымды іске асырды. Бүгінде тұтынушылардың жарқын жүзі мен алғысы кәсібінің дамуына мүмкіндік беретініне сенімі зор. 

«Гүлжайна ештеңеге қарамастан, бизнесінің игі іс екенін, оның әйелдерге нәзіктілік, сұлулық, бірегейлік сыйлайтынына көз жеткізді. Жігері мен қайраттылығы арқасында мақсатына жетті. Әйтпесе, бұл идеялар арман болып қала беретін еді. Батылдығы мен шығармашылық шабыты бар күмәнді сейілтті. Менің ойымша, бұл бақытты оқиғалардың бастамасы ғана», - дейді жобаның бизнес-жаттықтырушысы Гүлмира Бағжаева.   

Жас кәсіпкердің айтуынша, алдағы уақытта ер адамдарға арналған сұлулық салонын ашу жоспар отыр. Себебі, ауданда аталмыш қызмет көрсету дамымаған, сондықтанбелсенді даму үшін жақсы мүмкіндіктер бар.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер