astana-view

"БЖК-2020" бойынша субсидиялау нәтижелеріне қанағаттанбай отырғандардың басым бөлігі Астана, Атырау және СҚО кәсіпкерлері құрайды

2014 жылғы 27 Наурыз
8553 просмотров

«Бизнестің жол картасы – 2020» бағдарламасы бойынша субсидияланғандар арасында қанағаттанбау дәрежесі өте жоғары аймақтар қатарында Астана, Атырау және Солтүстік Қазақстан облыстары тұр, бұл туралы бүгін Ұлттық палата Басқарма төрағасының орынбасары Гүлнар Құрбанбаева мәлім етті, деп хабарлайды Palata.kz

«Кәсіпкерлер өздерін жақсылап тексеріп, қажетінше рұқсат берумен қатар, «Бизнестің жол картасы» сияқты бағдарламалар бойынша нақты көмектерді де қалайды. Ал статистика «Бизнестің жол картасы» бағдарламасы аясында субсидия бөлудің сыйақы мөлшеріне кәсіпкерлердің қанағаттанбайтындығын көрсетіп отыр», - деп атап өтті ол.

«Ал субсидиялау бизнеске қолдау көрсетудің ең тиімді жолы. Астана кәсіпкерлерінің көпшілігі екінің бірі қолы жете бермейтіндігін айтып шағымдануда –- қанағаттанбушылар үлесі 52%», - деді Г. Құрбанбаева.

Бұған қоса қанағаттанбушылардың 72% пайызы Атырауда. Қостанай, Маңғыстауда, СҚО да осыған ұқсас жағдай, - 86% дерлік кәсіпкер аталған «Бизнестің жол картасы -2020» бағдарламасы нашар жұмыс істейді деп көрсеткен. «Егер көмек қолын созуды сұрап келген 86% кәсіпкер бұл көмекке қол жеткізе алмаса, онда БЖК бұл аймақта жұмыс істеп жатқан жоқ деп айтуға толық негіз бар», - деп қорытты Ұлттық палата Басқарма төрағасының орынбасары Гүлнар Құрбанбаева. Жалпы алғанда ҚР-да  «БЖК» аясында субсидиялаумен қамтамасыз ету бойынша қанағаттанбаушылық көлемі 38,5%. 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер