astana-view

Қазақстанда көтерме-үлестіретін орталық жүйесі қалыптасады

2017 жылғы 11 Қыркүйек
7887 просмотров

Жаңа жүйені енгізу Астана мен Алматыдан басталады

Өткізілген іс-шаралар нәтижесі туралы Азия даму банкі  мен «Mercasa» көтермен сауда базарының өкілдері хабарлады.

Көтерме-үлестіру орталықтарының жүйесін қалыптастыру бойынша жұмысты ұйымдастыруда 2017 жылдың 1-7 қыркүйек күндері «Атамекен» ҚР ҰКП қызметкерелір Азия даму банкі мен испаниялық «Mercasa» ауыл шаруашылығы көтерме сауда базарлары желісінің өкілдерімен бірқатар кездесу өткізді.

Көтерілген мәселені талқылауға Қазақстан тарапынан «ҚазАгро» ҰБХ» АҚ, ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі мен Астана қаласы әкімдігінің мамандары қатысты.

Азия даму банкінің атынан Қазақстандағы тұрақты өкілдік директоры Джованни Капанелли, АДБ Орталық және Батыс Азиядағы қоршаған орта және ауыл шаруашылығы жөніндегі директоры Акмаль Сиддик және Қазақстандағы жобаларды үйлестірушілер келді. Ал Испанияның «Mercasa» компаниясынан халықаралық жобалар бойынша кеңес беруші Антонио Сарториус Саенс қатысты, ол Қазақстанның сауда нарығын зерттеу үшін арнайы келген.

Анықтама: Mercasa – Испанияның көтермен-сауда базары. 1966 жылы арнайы заңмен құрылған. Акционерлері – Қаржы министрлігі (SEPI – үлесі 51%)  мен ауыл шаруашылығы министрлігі (FEGA– 49%).

Mercasa – нарық ашықтығын арттыру, адал бәсекелестікті ынталандыру мен азық-түлік қауіпсіздігін бақылау бойынша мемлекеттің қызметін атқарады. Оның құрамына елдегі 23 азық-түлік кәсіпорны кіреді. Mercasa желілер тобының жалпы ауданы 7 млн шаршы метр. Жыл сайынғы өткізу көлемі 15 млрд доллар айналымында 5,1 млн тоннаға бағаланған.

Шетелдік мамандар екі күн ішінде Кенмарт гипермаркетін, «Continental Logistics» көлік-логистикалық орталығының қойма кешендерін, «Шарын», «Алай» базарларына және «Big Шанхай» сауда үйіне барды. Аталған алаңдарды басшыларымен кездесіп, көкшістер мен жемістерді сатып алу, оларды сақтау, орам, және одан кейінгі үлестіру жүйесіне қатысты сауалдарға жауап алынды.

Жалпы аталған сауда орындарын зерттеу нәтижесі бойынша сарапшылар Қазақстанда тауар өткізу жүйесін жаңарту, көтерме және бөлшек сауда орындарын сатылым тізбегі арқылы нақты бөлу қажеттігін растады.

Олардың айтуынша Қазақстанда азық-түлік өнімдерін өткізудегі заманауи транспарентті жүйені қалыптастыру мәселесі айтарлықтай маңызды. Ең алдымен Астана мен Алматы секілді ірі қалаларда көтерме-үлестіру орталықтарының пилоттық жобасын іске қосу керек. Жұмыс істеп отырған сауда арналары сауданы заманауи нормаларына сай емес, азық-түлік тауарларының бақылаусыз қымбаттауына және олардың қауіпсіздігінің төмендеуіне соқтырады.

Азия даму банкі өз тарапынан көтерме-үлестіру орталықтарының салынуына қажетті қаражаттың берілуін растады. Алдын ала мәлімет бойынша 500 мыңнан 1 млн долларға дейінгі сома керек. Азия даму банкі қаржыландырудан бөлек қолда бар сараптама мен халықаралық тәжірибе негізінде Қазақстанда елдік тұжырымдама мен көтерме-үлестіру орталықтарының құрылысы мен дамуына қатысты техникалық-экономикалық негіздемені әзірлеуге толықтай техникалық көмек беруге дайын. Бұл негіздеме мен тұжырымдама Астана, Алматы қалаларында, ОҚО, БҚО мен Алматы және т.б. облыстарының аграрлық салаласының негізді даму тетіктерін шоғырландыра отырып дайындалады.

Тараптар көтерме-үлестіру орталықтарының мәнін нақты анықтау қажеттілігі туралы ортақ пікірге келді. Себебі Қазақстанда оның баламасы жоқ. Сонымен қатар көтерме-үлестіру орталықтарын, 3 жылдық жұмыс жоспары мен келешектегі жоспарларды енгізу мәселесі бойынша қолданыстағы кейбір заңнамаға өзгерту енгізу қажет. Бұл жоспарларда әлемдік тәжірибеге сай болуы, болашақта кеңейетін, ұзақ мерзімді (30-40 жыл) келісімшарт негізінде жүзеге асырылу қарастырылған.

Мұнымен қоса, сарапшылардың айтуынша, көтерме-үлестіру орталықтары құрылысының бастапқы кезеңінде мемлекеттік қолдау қажет. «Mercasa компаниясының тәжірибесіне қарағанда, бұл қажетті шарт. Осылайша, ақпараттық технологиялар мен  МЖС құралдарын енгізе отырып, дұрыс стратегия мен тәсілдерді жүзеге асырғанда Үкімет екі негізгі мақсатқа жетеді. Бірі – азық-түлік қауіпсіздігіні қамтамасыз ету, екіншісі – жыл бойына баға тұрақтылығы. Бұл шарт заңнамаға тиісті номаларды енгізумен және қажетті инфрақұрылымды салу арылы орындалады. Инфрақұрылым ірі және ұсақ шаруашылықтардың емін-еркін кіруіне мүмкіндік беруді қамтамасыз етуі керек, бұл шығынды айтарлықтай азайтып, тауар бағасының қалыптасуына және жыл бойына тұрақты болуына оң әсерін тигізеді.

Мұнымен қоса, Азия даму банкі бүгінде Өзбекстанның Ташкент, Самарқанд, Ферғана қалаларында көтерме-үлестіру орталықтары құрылысының тұжырымдамасы мен техникалық-экономикалық негіздемесін дайындап жатқанын атап өту керек.  Бұл жұмысты 2017 жылдың қыркүйегінен бастап 2018 жылдың мамыр айына дейін атқарады. Аяқтап, тұжырымдамалық бағыттарын бекіткеннен кейін тараптар экспортқа негізделген аграрлық секторды дамыту үшін Стратегияның халықаралық стандарттар мен сертификация нормаларына сәйкестендіруді жүзеге асырады.

Техникалық көмек пен керекті қаражатты жедел жұмылдыру қажеттілігіндегі тәжірибесін ескере отырып Азия даму банкі көтерме-үлестіру орталықтарының тұжырымдамалық құжатын дайындау үшін техникалық тапсырма жобасын дайындауды ұсынды. Банк өз тарапынан ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінен тапсырыс түскеннен бастап ішкі ресурстарды жұмыслдыруға  және осы мәселені аз уақыттың ішінде қарастыруға дайын екенін білдірді.

 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер