astana-view

Түзету мекемесінің аумағы кәсіпкерлерге беріледі

2017 жылғы 13 Қыркүйек
- Маңғыстау облысы
4792 просмотров

Ақтау қаласының аумағындағы бұрынғы ГМ 172/1 түзету мекемесі жақын болашақта кәсіпкерлерге жер телімдері және әкімшілік ғимараттар түрінде үлестірілмек.

Бұл жөнінде бүгін осы аймаққа жасалған сапар барысында Маңғыстау облысы қаржы басқармасының басшысы Марина Альбекова хабарлады.

Қылмыстық атқару жүйесі комитетіне қарасты бұрынғы колония енді облыс әкімдігінің балансына өтіп отыр. 
Аумақтың жалпы ауданы ­– 15 гектар. Әкімшілік ғимараттардан бөлек, 200 тоннаға дейін көкөніс сақтай алатын қоймасы бар. Инженерлік желілері тартылған. Бұл жоба облыстық әкімдіктен бөлек, «Каспий» ӘКК мен Маңғыстау облысы кәсіпкерлер палатасының қолдауымен жүзеге асырылады. 

Алдағы уақытта аталған жобаға қатысты кез-келген жаңалықтар мен өзгерістерді қосымша хабарланады.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер