astana-view

Түзету мекемесінің аумағы кәсіпкерлерге берілмек

2017 жылғы 15 Қыркүйек
- Маңғыстау облысы
4684 просмотров

15 гектар жерден табыс 
Ақтау қаласының аумағындағы бұрынғы ГМ 172/1 түзету мекемесі жақын болашақта кәсіпкерлерге жер телімдері және әкімшілік ғимараттар түрінде үлестірілмек. Бұл жөнінде бүгін осы аймаққа жасалған сапар барысында Маңғыстау облысы қаржы басқармасының басшысы Альбекова Марина хабарлады. Қылмыстық атқару жүйесі комитетіне қарасты бұрынғы колония енді облыс әкімдігінің балансына өтіп отыр. 


Аумақтың жалпы ауданы – 15 га. Әкімшілік ғимараттардан бөлек, 200 тоннаға дейін көкөніс сақтай алатын қоймасы бар. Инженерлік желілері тартылған. Бұл жоба облыстық әкімдіктен бөлек, "Каспий" ӘКК мен "Атамекен" ӨКП қолдауымен жүзеге асырылатынын айта кетейік. 
Алдағы уақытта аталған жобаға қатысты кез-келген жаңалықтар мен өзгерістерді қосымша хабарлайтын боламыз.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер