astana-view

Қазақстанның туристік операторлары Сингапур нарығына шығады

2017 жылғы 23 Қазан
3492 просмотров

25-27 қазан күндері Қазақстанның туристік әлеуеті Сингапурдегі Singapore Marina Bay Sands - Sands Expo Convention Cente  көрме кешеніндегі Asia’s Leading Travel Trade Show көрмесінде таныстырылады.

Халықаралық іс-шара барысында Азияның жетекші туристік операторлары өз бағдарламаларын ұсынып, әлемнің озық қонақ үй мен мейрамхана бизнесінің өкілдері өз отельдерінің артықшылықтары мен беделін таныстырады, ал IT-компаниялар саяхат индустриясына арналған телекоммуникациялық технологиялар саласындағы соңғы жетістіктерді көпшілік назарына ұсынады.

Іс-шара бағдарламасына конференциялар, көптеген семинар, сессия, мәдени шара енгізілген. Көрмеге туризмнің түрлері бойынша туристік өнімдер қойылады. Іс-шара барысында конференция өтеді және кһрмеге 800 экспонат қойылады деп болжанған.

ҚР Мәдениет және спорт министрлігі, «Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасы мен Қазақстан Сыртқы сауда палатасының тапсырысына орай аталған көрмеге қазақстандық делегацияны қатыстыру ұйымдастырылады.

Аталған көрмеге қатысу үшін Кашаева Жұлдызға хабарласыңыздар: 8 7172 27 96 16 (ішкі нөмір - 214), email: z.kashayeva@palata.kz


Еншілес ұйымдар

Серіктестер