astana-view

Бизнесті табысты етуге «Аға сеньорлар» көмектеседі

2017 жылғы 10 Қазан
- Жамбыл облысы
2772 просмотров

Бизнесін дұрыс бағытқа қойып оны жүргізудің қыр-сырына қанық еуропалық кәсіпкер Жамбыл облысы Шу қаласындағы шағын және орта кәсіпорын басшыларымн  кездесіп, тәжірибесімен бөлісті

Биыл жамбылға «Аға сеньерлар» жобасы аясында Германия елі Лейпциг қаласынан Кай Юфе Дехлер есімді бизнесмен «Rich» қонақ үйінің директоры Саярахан Жасабаева мен «Достар» қонақ үйінің басшысы Александр Манасыповтың шақыртуымен келді.

Германдық бизнесменнің қонақ үй саласындағы кәсіпті жүргізуде 25 жылдық тәжірибесі бар. Мектеп кезінен еңбекке ерте аралысқан ол қызмет көрсету саласындағы білген-түйгендерімен қазақстандық әріптестерімен бөлісті. Қазірде мықты даму жолындағы маркетинг, менеджмент, қоғаммен байланыс орнату мәселелерінің маңызын түсіндірді. Сонымен қатар, Шу қаласындағы туризм саласында қызмет көрсететін бірқатар нысандарды аралады. Мейрамханалар, қонақ үйлер мен қоғамдық жерлерде тамақтану орындарының жай-күйімен танысқан ол жергілікті кәсіпкерлерге кеңестер де берді.

Кай Юфе Дехлер: «Мәселен, Лейпциг қаласы – шахтерлардың мекені. Алайда, елді-мекен тұрғындары мейрам-мереке күндері, жаңа-жылдық кештер мен жәрмеңкелерде туризмді дамытып, шетелдік меймандарды тартумен айналыстық. Біртіндеп қызмет көрсету түрлері де, туристердің саны да артты. Нәтижесінде, қолөнершілер мен этно-ауылдар пайда болды».

Қонақ үй және мейрамхана бизнесінің өкілдерімен кездесу кезінде германдық кәсіпкер әріптестеріне ұсыныстарын жолдады. Шу қаласы мен ауданында туризмді дамыту концепциясын әзірлеп, теміржол бекетінде өңірдің тарихы мен көрнекті жерлері жайлы ақпараттық стендтер дайындау сынды шешімдер қабылданды. Бұл тараптағы жұмыстарды шулық кәсіпкерлер өз мүдделеріне алуды жоспарлап отыр.

Сеньердың Қазақстанға биылғы іссапары ол үшінтаңсық дүние емес. Осыған дейін де келіп, білім беру саласына тоқталып өткен болатын. Кай Юфе Дехлердің айтуынша, қазірде үйінің табалдырығынан аттаған кез келген адам тікелей «туристке» айналады. 21 ғасыр – коммуникация дәуірі. Жұмыс бабымен бір қаладан екінші қалаға, бір елден өзге елге ауысу дерегі жиілеуде. Қоғаммен байланыс ортану үшін ағылшын тілін білу  - маңызды рөл атқарады. Осы ретте, Шу қаласында «Айналайын» Халықаралық тілдер орталығы терең білім беру, халықаралық қарым-қатынас орнатуға мүмкіндігі зор. Айта кетейік, аталмыш орталық тікелей германдық сарапшының тәжірибе-кеңестерінің сүйемелдеуімен ашылған болатын. Яғни, орталықтағы оқыту жүйесі халықаралық стандарттарға толық сәйкес. Себебі, «Айналайын» орталығының директоры Жанар Иманалинова Кай Юфе Дехлердің кеңесіне құлақ асып, өткен жылдан бері телефон құралы арқылы байланысып, бизнесін ретке келтірген. Оқыту тәсілінің франшизасын сатып алып, бүгінде шағын ғана Шу қаласында кәсібін дөңгелетіп отыр.

«Расымен де, алғашқыда сарапшымен кездесу мұндай нәтиже береді деп ойламадым. Келіп, ақысын алып кете береді деген ойда болдым. Алайда, идеядан бастап тәй-тәй басқан бизнесімді аяққа тұрғызғанға дейін кеңесін аямаған германдық әріптесіме және осындай білікті мамандарды шақыртқан Кәсіпкерлер палатасына алғысымды білдіремін» - дейді ол.

 «Аға сеньорлар» жобасы «Бизнестің жол картасы – 2020» Бірыңғай бағдарламасы аясында халықаралық шетелдік ұйымдармен бірлесе іске асырылады. Шетелдік ұйымдар «Аға сеньорлардың» қызметін үйлестіреді, олар Қазақстанның шағын және орта кәсіпорындарын дамытуға көмектеседі. Шетелдік сарапшыларды шақыру ақысы республикалық бюджеттен төленеді.

 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер