astana-view

Атырауда «АСАР» форумы өтеді

2017 жылғы 16 Қазан
5936 просмотров

Әлеуметтік инвестициялар туралы Рақым Ошақбаев баяндайды

30 қазанда Атырауда «АСАР» үш жақты серіктестіктің І республикалық форумы өтеді. Форум аясында «Атамекен» ҚР ҰКП «Әлеуметтік инвестициялар мен қайрымдылық тұрақты даму мақсатында» тақырыбында панельдік сессия ұйымдастырады.

Іс-шара барысында көтерілетін негізгі мәселелер:

  • Қазақтандағы қайырымдылық: даму ахуалы мен векторлары туралы пікірлер алуандығы;
  • Бизнесті жауапты жүргізуге ынталандыру: бизнес пен қоғамға ықпал ету;
  • Туған жерді дамытуға әлеуметтік инвестициялар.

Панельдік сессияның модераторы – «ТАЛАП» қолданбалы зерттеу орталығының директоры Рақым Ошақбаев. «Атамекен» ҰКП, бизнес пен еңбек және әлеуметтік қорғау, қаржы, ұлттық экономика министрлігінің өкілдері, халықаралық сарапшылар қатысып, баяндама жасайды деп жоспарланған.

Ұсынылған тақырыптар «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы және Ұлттық кәсіпкерлер палатасы ұйымдастырған «Атамекенім» акциясымен үндес.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер