astana-view

«Астана» халықаралық қаржы орталығындағы салық тәртіптемесі

2017 жылғы 18 Қазан
5475 просмотров

«Атамекен» алаңында «Астана» халықаралық қаржы орталығы қатысушыларының корпоративтік табыс салығынан босатылуға жататын және салық салынуы тиісті табыс есебін бөлек жүргізу ережесі, сондай-ақ шегеруге жатқызылатын шығындар талқыланды.

12 қазанда Ұлтты қкәсіпкерлер палатасында «Астана» ХҚО қаржы орталығындағы салық салу тәртіптемесін таныстырды.

«Атамекен» ҚР ҰКП мен «Астана» ХҚО арасында жасалған ынтамақтастық туралы келісім аясында «Атамекен» ҰКП алаңында «Астана» ХҚО нормативті актілерін талқылап отырмыз. АХҚО салық тәртіптемесі халықаралық қаржы орталығының әлеуетті қатысушылары – бизнес-қоғамдастықпен талқылау маңызды тақырып болып отыр», - деді жиынды  ашқан «Атамекен» ҚР ҰКП Басқарма Төрағасының орынбасары Юлия Якупбаева.

Талқылауға ҚР Парламенті Мәжілісінің қаржы және бюджет комитетінің мүшесі, депутат Екатерина Никтинская, «Астана» ХҚО әкімшілік Басқарма Төрағасының орынбасары Қайрат Айтекенов, сондай-ақ Қазақстан қаржыгерлер қауымдастығының өкілдері, қаржылық сектор мен өзге де мүдделі тұлғалар қатысты.

«Құжатты «Астана» ХҚО әкімшілігі тәуелсіз сарапшылардың қатысуымен әзірледі. Қазіргі таңда Ұлттық экономика министрлігі мен Қаржы министрлігінің бірлескен бұйрығымен бекіту үшін АХҚО  Ережені талқылау үстінде», - деп сөз бастады Қайрат Айтекенов.

Салық жөніндегі тәуелсіз сарапшы Дастан Қазиев Ережені таныстырып, табысты бөліп есептеуді жүргізу тәртібі туралы баянлады. Таныстырылымда жеңілдетілген салық тәртіптемесі, тікелей және құрамдас әдістермен табысті бөліп есептеу тәртібі, шығындарды тікелей, тараптық және шегерілмейтінше жатқызу, сондай-ақ жалпы шығында жатқылатыны туралы тақырыптар көтірілді. Бейрезиденттер үшін табысты бөліп есептеу ерекшеліктері жекелей қарастырылды.

Жиын барысында АХҚО қатысушыларының ЖСН тіркеу және алу жағдайлары, келешектегі жұмыстар да қарстырылды, аккредиттеуден өту мәселелері да көтерілді. Тараптар қаржылық монторин бойынша жеке құжат қажеттілігі орын алғанын айтты.

«Көп  нәрсе тіркеу ережелеріне, капитал бойынша кіру талаптары, АХҚО аумағында лицензия алу тәртібіне балйанысты болады», - деп атап өтті Юлия Якупбаева.

ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Екатерина Никитинская салық есебін нақтылауға назар аударды.

«Ережеде салық есебін анықтауды түсіну үшін қайта құрылатын заңды тұлғаларға және жұмыс істеп тұрған заңды тұлғалардың филиалдары арнап барлығы да жазылу керек», - деп хабарлады Екатерина Никитинская.

«Астана» халықаралық қаржы орталығының өкілдері Ереже жоба екенін, бизнес-қоғамдастықт пен кәсіби қатысушылардың ұсыныстарын  ескере отырып дайындалатынын айтты. Қазан айының соңында тіркеу бойынша ереже талқылауға беріледі, ал желтоқсанда – әкімшіліктендіру бойынша ереже ұсынылады.

«АХҚО қатысушыларына арналған кіріс пен шығысты бөлуп есептеуді жүргізу ережесінің жобасы» таныстырылымы берілген.

Жобаға қатысты ұсыныстарды «Атамекен» ҚР ҰКП Экономика департаментінің сарапшысына жолдаңыздар (Бекжан Отарбаев, телефон 919342, b.otarbaev@atameken.kz).

«АХҚО қатысушыларына арнадған кіріс пен шығысты бөлуп есептеуді жүргізу ережесінің жобасы» таныстырылымы


Еншілес ұйымдар

Серіктестер