astana-view

Мәріпбек Шәкербек: Біз жоспарлардан алда келеміз

2017 жылғы 20 Қазан
- Жамбыл облысы
5394 просмотров

Жамбыл облысы кәсіпкерлер палатасының басшысы Мәріпбек Шакербек соңғы 9 айдың жұмыс нәтижелерімен бөлісті

«Атамекен» ҚР ҰКП-да Өңірлік кәсіпкерлер палаталардың директорлары Орталық аппаратта 2017 жылдың бірінші жартысы бойынша есеп беруді бастады. 15 қазан күні  Жамбыл облысы кәсіпкерлер палатасының директоры Мәріпбек Шакербек есеп беру нәтижесінде өңірдегі ШОК субъектілері дамуында оң серпін барын атап өтті. 

–  Маріпбек Шәкербекұлы, өңірдегі кәсіпкерліктің ахуалы жайында айтып кетсеңіз.

– Ресми мәліметтерге тоқтала кетсем, 2017 жылдың 1 қыркүйегінен өткен жылдың дәл осы уақыты аралығында белсенді ШОК субьектілерінің саны 59,9 мыңды құрап,  9,7 пайызға артты. Жалпы өңірде бизнесті заңдастыруға ұмтылыстың артқандығы қуантады. Кәсіпкерліктің құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауға байланысты Өңірлік кәсіпкерлер палатасына 128 өтініш түсті. Оның ішінде 63 өтініш оң шешімін тауып, бизнестің 500 млн теңге көлемінде қаржысын сақтауға мүмкіндік берді.

–   Биыл өңірде жұмыс істеп жатқан ШОК субъектілері саны артқан, сіздің ойыңызша бұған қандай факторлар әсер етті?        

–  Оған себеп болған түрлі факторларды айтуға болады. Мәселен мемлекеттік қолдау бағдарламаларының әсері, бизнесті қаржылай және қаржылай емес қолдау құралдарын атап айтуға болады. Жамбыл облысында ауыл шаруашылығы басымдыққа ие салалардың бңрң болғандықтан АӨК дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдараламасындағы тетіктерді де атауға болады.   Өңірде кәсіпкерліктер заңдастырылп жатыр, «Атамекен» ҚР ҰКП бастамасымен Жаңа Салық кодексінен жалған кәсіпкерлік бабы алынып тасталды, міне осының бәрі кәсіппен айналасуға оң әсер тигізіп жатыр.

–  Өңірлік палатаның бизнес-үдерістері жайында айтып кетсеңіз.

–   2015 жылдың қаңтарынан қазіргі уақытқа дейін орталық кәсіпкерлер палатасы 54 525 кеңес беру қызметін 13 932 тұтынушыға көмек көрсетуі қаржылай емес бизнесті қолдаудың айқын көрінісі. «Бастау Бизнес» жобасы бойынша жылдың соңына дейін 1 125 (964 оқу курсын өтті) адам өтуі тиіс. Оның ішінде 181 жоба қаржыландырылды. Жалпы алғанда Палатада аккредиттелген 8 қауымдастық бар.

–   Өңірдің инвестициялық ахуалы қандай?

–  Біз облысқа инвесторларды тартуды белсенді жұмыс жүргізіп келеміз. Өңір ерекшеліктерін, маманданауын ескере отырып, біз 12,4 млрд теңге көлемінде 10 инвестициялық қазықты жобаны іріктідік. Оның ішінде 4 жоба  – АӨК саласы, 4 жоба – туризм, 2 жоба жол бойындағы қызмет көрсетуге қатысты. Барлық аталған жобалар «KAZAKH INVEST» АҚ жүргізетін  Өңірлік инвестиция картасына енген. Бұл жобалар негізінде әлеуетті инвесторларды іздеу бойынша кешенді жұмыс атқарылып жатыр. Құзығушылық танытқан инвесторларға тұрақты түрде жобалар

– Таныстырылымы жіберіліп отырады. Айта кетейін, бүгінде «Түйтебаев» жеке кәсіпкерлігі «Меркі ауданында демалыс аймағының құрылысы» жобасына  «Сбербанк» АҚ арқылы қаржыландыру алды.

Өңірлік кәсіпкерлер палатасы жаңашылдығы ретінде www.palata-rent.kz интернет ресурсын атап өту қажет. Кәсіпкерлікте қолдануға болатын өндірістік, қоймалық және кеңселік орындарды жалға алуға байланысты ақпарат жиналған сайт. Бүгінде ресурсты пайдаланушылар саны артып келеді. Осындай шын мәнінде өңірде халыққа қажетті механизмдерді қолға алып жатырмыз.

–  Өңірде «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасы қалай жүзеге асып жатыр?

– Барлық бағыттар бойынша бизнеске сервистік қолдауды жүзеге асырып жатырмыз. Бұл кәсіпкерлік субъектілеріне арналған ақпараттық қолдау, «Іскерлік байланыстар», «Аға сеньорлар», «Бизнес Кеңесші» жобалары іске асуда. Қазір жоспарлы көрсеткіштер жоғары, жоспардан біз тіпті алда келеміз.  Мәселен, Бастау Бизнес бойынша жыл соңына дейін 1125 адам оқытылу керек. Алайда қазірдің өзінде кәсіпкерлік негіздеріне  964 адам оықп шықты. Айта кетелік, Бастау Бизнес Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдараламы жүзеге асыруда.

–Халық Бизнес Бастау жобасы жайында оң пікірде, кәсіп ашқысы келетін көп азаматтар келесі лектерін асыға күтеді. Өңірде оқытудан кейін қорғалған жобалар жалпы жобалар туралы не айтуға болады?

–Сәтті жүзеге асқан жобалар ретінде төмендегілерді атап өтуге болады: Байзақ ауданындағы «Rola-Ян» ЖШС  ұн мен ұн өнімдерін шығару кәсіпорынына Орталық кәсіпкерлер палатасы қолдауымен 285 млн.тг көлемінде қарыз берілді. Т. Рысқұлов ауданында «Бай-Алғабас» ауыл шаруашылық коопиративі ірі қара малды бордақылау үшін Орталық кәсіпкерлер палатасы қолдауымен 113,7 млн теңге көлемінде несие алды. Талас ауданында «Вкусная корзина» ЖШС 70 млн теңге көлеміндегі қарыз алып, көрсетілген қолдау нәтижесінде супермаркет ашты. Сонымен қатар  «Talas Investment Company» ЖШС жанында химия саласының мамандарын қысқа мерзімде біліктілікті арттыру мен қайта даярлау курсы.  «Дана-Дэль» ательесі жанында («Токтыбаева Б.Е.» ЖК) оқыту орталығында жеңіл өнеркәсіптің тігін саласы бойынша: қайта даярлау, біліктілікті арттыру, қызметкерлердің деңгейін арттыру курстары жүргізіледі.

–       Мәселен, көрші Оңтүстік Қазақстан облысында 9-10 индустриялық аймақ бар, ал Жамбыл облысында осы бағытта кенжелеу бар?

–  Дұрыс айтасыз, осыған дейін өңірде индустриялық аймақтар бойынша үдеріс енді ғана қолға алынуда. Тараз металлургия зауыты төңірегінде ашылған индустриялық аймақ негізінде жергілікті басқару органдарының көмегімен Жамбыл облысында 4 индустриалды аймақ ашу жоспарда..

–       Алдағы жылға қойылған жалпы жоспар қандай?

– «Атамекен» ҚР ҰКП бастамасымен ендігі меже: бос жерлердің тізімін онлайн режимде ақпарат бере алу мүмкіндігін қарастыру, Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығы (КҚКО) және «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қорын біріктіріп, толық форматты КҚКО қалыптастыруды көздеп отырмыз. 

                                                                                                                                       Сұхбаттасқан Әлия Кемелбекова


Еншілес ұйымдар

Серіктестер