astana-view

Қазақстан мен Сингапур арасындағы кәсіпкерлікті дамыту мәселесі талқыланды

2014 жылғы 28 Наурыз
4160 просмотров

Алматыда ұйымдастырылған бизнес форум аясында Қазақстан мен Сингапурдың бизнес қауымдастықтары арасында берік ынтымақтастық орнатылып, бірлескен жобаларды жүзеге асыру мәселелері талқыланды, деп хабарлайды 24kz.

Осыдан 40 жыл бұрын ауызсу мен құрылысқа қажетті құмды импорттаған ел бүгінде экономикасы қарыштап дамыған, салық деңгейі төмен мемлекеттердің біріне айналды. Өмір сүру деңгейінің жоғарылығы мен инвестициялық климаттың қолайлылығы бойынша АҚШ, Жапония және Еуропаның алпауыт мемлекеттерін басып озған Сингапурдың билік өкілдері мен кәсіпкерлері электроника, кеме құрылысы, құрал-жабдық шығару салалары бойынша тәжірибесімен бөліспек. Шара аясында сөз алған сингапурлық кәсіпкерлер шағын және орта бизнесті  дамытудың бірден-бір жолы – сыбайлас жемқорлықты жою екендігін айтты. Шетелдік кәсіпкерлердің айтуынша, осы бағытта қолға алынатын тағы бір шара – инвесторларды тарту. Сингапурлық әріптестермен келіскен отандық кәсіпкерлер бұл жолда кездесетін кедергілердің қатарында қазақстандық визаны рәсімдеудің қиындығын атады. Сонымен қатарбасқосуда Сингапур экономикасының ілгерілеуіне септігін тигізген жоғарғы технологиялар жөнінде де сөз қозғалды. Бизнесфорумға қатысқан делагаттардың айтуынша, бұл технологиялар өзге де мемлекеттердің экономикасының өрлеуіне септігін тигізуі мүмкін.

Перси Чан, Сингапур делегациясының басшысы:

- Қазақстан бізге қазірге бейтаныс. Оның мүмкіндіктерін, бизнесті дамытуға қолайлы жақтарын әлі зерттеу керек. Біз Қазақстанды Орталық Азияға кіргізетін қақпа деп түсінеміз. Ал Сингапур Қазақстан үшін Азия аймағында кәсіпкерлікті дамытуға қолайлы аймақ болмақ.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер