astana-view

Бизнес-жаттықтырушылар біліктіліктерін арттыруда

2017 жылғы 20 Қазан
1514 просмотров

2017 жылдың 16-20 қазан аралығында «Атамекен» ҚР ҰКП «Бастау Бизнес» жобасы аясында бизнес-жаттықтырушыларды даярлау курсы өткіп жатыр

Қазіргі таңда «Бастау Бизнес» жобасының 5-ші легі аяқталғаны белгілі. Астана қаласы «Атамекен» ҚР ҰКП «Бастау Бизнес» жобасының бизнес-жаттықтырушысы Арай Оспаева шара жайында айта кетті.

«Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасы шеңберінде «Бизнес мектеп» құраушысы бойынша былтырғы жылдан бері жұмыс жасап келемін. Астана қаласына дейін Қарағанды облысында қызмет еттім. Қарағанды облысы бойынша аудандар мен қалаларды аралап, бизнес саласы бойынша кеңес беру мен кәсібін өсіру бағыты бойынша тәжірибем бар. «Бастау Бизнес» жобасының өзіндік ерекшлігі бір ай көлемінде кәсіпкерлік негіздерін оқытып қана қоймай, жұмыс барысын толық сүйемелдейді»,- деді Арай Оспаева.

Бағдарламалар шеңберінде субсидиялар не жеңілдіктер алу мүмкіндігін қатастыру мәселесі бойынша көмек көрсетіліп жатырғандығын айтап кеткен жөн. Қатысушылардың көзін ашып, жол сілтейтін бизнес-жаттықтырушы. Ауыл азаматтарының  кәсіпті бастау алдын жиі қиындықтарға тап болатын мәселелері құжаттар жинау, жеңілдіктерді қолдану бойынша көмек көрсететін тренерлер.

«Жоба бойынша бір ай көлемінде жалпы кәсіпкерлік негіздерінің барлық тақырыптары қарастырылған 12 модуль бойынша сабак беріледі. Әр бір модуль бойынша тренер өзінің тақырыбы бойынша қысқаша түсініктеме беріп, жаттықтырушылық қабілетін көрсетіп жатыр. Бір бірімізді бағалап, ұсыныстар енгізіп, тәжірибе алмасып жатырмыз. Сын айтылмай, көш басы жүрмейтіні белгілі. Оқыту курсының жүргізіліп жатырғандығының бір себебі тренерлер арасында бизнес-жоспар жасау қабілеті бар азаматтар қатарын көбейту»,- деп сөзін жалғады жаттықтырушы.

Курс барысында бизнес-жоспар жасау тәжірибелік жұмысы беріледі. Тәжірибелік жұмыстар күнделікті өмірден алынған қарапайым мысалдар негізінде құралған. Мәселен, малды бордақылау үшін қанша көлемде қаражат қажеттігін есептеп шығару. Қаржылық модель жасау арқылы шығын мен табыстың көрсеткіштерін бақылау принциптері түсіндіріледі. Тәжірибесіз азаматтардың қаржы тұрғысынан бастапқы капиталға бір немесе бірнеше айлық шығынын орнына бір жылдық шығынды есептеу сынды негізгі қателіктерінің болатындығын айтып өтті Арай Оспаева. 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер