astana-view

Токиода Қазақстан-Жапония бизнес-форумы өтеді

2017 жылғы 25 Қазан
5049 просмотров

Халықаралық іс-шараның негізгі ұйымдастырушылары: ҚР Инвестициялар және даму министрлігі, Қазақстанның Жапониядағы Елшілігі, ROTOBO жапон қауымдастығы, Жапония-Қазақстан экономикалық комитеті, «KAZAKH INVEST» ҰК» АҚ, «Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасы мен Қазақстанның сыртқы сауда палатасы.

Бизнес-форум жұмысымен ҚР Инвестициялар және даму вице-министрі Ерлан Хайыров пен Қазақстан Республикасының Жапониядағы елшісі Ерлан Баударбек-Қожатаев қатысады.

Жапонияға сапарға атанатын Қазақстан делегациясы Қазақстанның өңірлеріндегі инвестициялық мүмкіндіктерді де талқылайды.

Көп жағдайда, отандық компаниялар бірнеше бағыттарда инвестиция тартуға қызығушылық танытып отыр: фармацевтика, медицина, агроөнеркәсіптік кешен, химия, құрылыс пен құрылыс материалдарының өндірісі, энергетика, тау-кен қазу өнеркәсібі, экология, машина жасау, инфрақұрылым.

Өтетін орны, күні мен уақыты: 31 қазан, 14-00, Токио қаласы, «NEW OTANI» қонақкүйі, «ORIZURU REI» залы.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер