astana-view

ЭКСПО-2017 аумағында ашық есік күндері өтеді

2017 жылғы 07 Қараша
4050 просмотров

10 қарашада сағат 17-00 көрме аумағындағы «Энергия» концерттік залында «ЭКСПО-2017» негізгі нысандары мұрасының ашылу рәсімі өтеді. Атап айтқанда «Болашақ энергиясы – «Нұр әлем», екі тақырыптық павильон, «Үздік тәжірибе аумағы» және т.б. бар.

Іс-шараға мүдделі мемлекеттік органдар мен бизнес-қоғамдастық өкілдері қатысады.

Іс-шараның негізгі мақсаты – ЭКСПО нысандарын көрмеден кейін пайдалану мен бизнес дамыту мүмкіндіктерін таныстыру (іс-шара бағдарламасының жобасы қосымша берілген).

Мұнымен қоса, 11-12 қараша ЭКСПО–2017 нысандарын аралау үшін «Ашық есік күндері» деп жарияланған, сондай-ақ осы күндері ерекше Мұз айдынының ашылу салтанаты өтеді.

Бизнес-қоғамдастықтың қызығушылық танытқан өкілдерін іс-шараға қатысуға шақырамыз.

Байланыс үшін: Ернұр Кенжебеков +7 701 370 6227, ernur_kant@mail.ru  

БАҒДАРЛАМА

 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер