astana-view

Кәсіпкерлерді қаржылай емес қолдау

2017 жылғы 10 Қараша
- Маңғыстау облысы
9447 просмотров

Маңғыстау облысының Кәсіпкерлер палатасы «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасы аясында, шағын және орта бизнесті дамыту және кәсіпкерлікті бірыңғай қолдауда келесі құрауыштарға қаржылық емес қолдау көрсетіледі:

1. Облыс орталығында және Жаңаөзен қаласындағы Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталықтары, сондай-ақ Кәсіпкерлікті қолдау орталықтары базасында кәсіпкерлерге мынадай қызмет түрлерін ұсынады: бухгалтерлік және салықтық есепке алу және кеңес беру, құқықтық мәселелер, лицензиялар мен лицензияларды алу кезінде жобаларды қолдау, маркетинг мәселелері, соның ішінде бизнес-жоспарларды әзірлеу, электрондық сатып алуларға қатысу, АТ-сервистер, кедендік рәсім осындай қызмет түрлерін ұсынады. Жыл басынан бері КҚКО кеңесшілерімен 2266 қызмет көрсетілсе, оның 1798 кәсіпкерлік субъектісіне арналған. Құны 870,9 млн. теңгенің 143 жобасы жүзеге асырлғанша КҚКО мамандарының қатысуымен сүймелденген. Нәтижесінде 36 қатысушының жобалары мақұлданып, 302,4 млн. теңгенің тауары мен оны жеткізу қызметіне келісім-шарт жасасты. 133 бизнес-жоспар құрылып оның 41 мақұлданып, қаржалындырылған. 62 кәсіпкерге заңды құқықтары мен мүдделерін қорғауға құқықтық көмек қолдау көрсетілді.

2. Мемлекеттік бағдарламалардың құралдары туралы ақпараттандыру КҚКО-да барлық аудан орталықтарда мемлекеттік қолдаудың барлық шаралары бойынша кеңес беріледі. Сондай-ақ «Өнімділік-2020» «Агробизнес-2020» «Бизнестің жол картасы - 2020» мемлекеттік бағдарламаларға кәсіпкердің қатысуымен жобаларды қолдау көрсетіледі. Айта кеттейік, биыл КҚО кеңесшілері мен жылпы құны 258,6 млн. тенгені құрайтын 183 жоба іске асырылғанша, сүймелденген.

3. Азаматтарды кәсіпкерлікке баулы, оқыту мақсатында бизнес мектеп ашылды. Онда кәсіпкерлік негіздерін оқыту үш жоба бойынша өткізіледі:

«Бизнес-кеңесші» – Кәсіпкерлік негіздеріне арналған 2 күндік тренинг тұрғындар мен стартаптар;

«Бизнес өсім» – Жұмыс жасап тұрған ШОБ қызмет саапасын арттыру үшін 5 күндік семинар-тренинг өткізу

«Бизнес-кеңесші» курсынан өткен және жаңадан кәсібін бастаған азаматтарға арналған тәлімгерлік жоба. Оқыту бір ай бойы, күніне 4 сағаттан өткізіледі.

Сабақ барысында тәлімгер ретінде оқытуға қатысып жатқан кәсіпкерлер бизнес ошақтарына барып, сабақты сол жерде жүргізу қарастырылған.

«Іскерлік байланыс». Бұл жобаға экономиканың басым секторларында жұмыс істейтін белсенді кәсіпкерлер ғана қатысады. Жоба екі кезең бойынша жүзеге асырылады:

 «Шағын және орта бизнестің топ-менеджментін оқыту» тренинг 2 апта оқытылады. Және еліміздің аумағында жобасын ұсынып оны қорғау бекітілген.

Сондай-ақ, кәсіпкерлер 3 апта Германиядан тәжірибен өтіп келеді. Яғни тәжірибе барысында сікерлік қарым-қатынас орнатып, өз жобалаорын қорғамақ. Барлық шығын, бюджет есебінен қарастырылған.

1. «Аға сеньорлар» құрауышы жоғары білікті шетелдік мамандарды (сарапшыларды) тарту арқылы кәсіпкерлерді өз кәсіпорындарын басқарудың жаңа әдістерін, өндіріс технологияларын және қызметкерлерді оқытуды енгізу туралы тікелей кеңес беру. 2017 жылы «Іскерлік байланыс» компонентіне оқуға 39 кәсіпкер іріктелген. Қазір екінші кезеңге іріктеу басталды.

КҚКО базасында ӨКП – ның есепшілер клубы құрылды. Құрамына аймақтағы кәсіпкерлер, облыстық және қалалық Мемлекеттік кірістер департаментінің мамандары, «Маңғыстау облысы бойынша қаржылық бақылау инспекциясы» ММ өкілдері бар. Есепшілер клубының бірінші отырысы 2016 жылдың 21 желтоқсанында өткізілген. Маңғыстау облысының 2 мыңға жуық кәсіпкерлерінен құралған база жасалды. Олардың 686-ы клуб мүшесі болуға келісім берді. Сондай-ақ биыл мемлекеттік орган өкілдерінің қатысуымен 4 отырыс өткізілді.

Кәсіпкерлерді қолдау орталығы мен барлығы құны 258,6 млн теңге болатын 183 жоба аяқталды.

Яғни, осы жоғарыда айтылған қызметтерге қаржылай емес қолдау көрсетіледі.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер