astana-view

Қазақстанның сүт сатушылары сапасыз шикізатқа наразылық білдірді

2017 жылғы 13 Қараша
4838 просмотров

Қазақстанның сүт одағы шекара асып келетін өнімдерде заң бұзушылық барын анықтады

Қазақстан Республикасы Сүт одағының тең төрайымы Аида Сапарғазинова ел нарығында  Қырғызстаннан келетін дайын өнім көптен бері бар екенін және шикі сүтте де, дайын өнімнің сапасында заң бұзушылықтар орын алған жағдайлар болатынын атап өтті.

«Көп жағдайда шикі сүтке қатысты мәселе туындайды. Себебі көліктер өткізу пунктерінде бірнеше сағат тұратындықтан, жеткізушілер сүт бұзылып кетпес үшін оның құрамын өзгертеді», – деді Аида Сапарғазинова.

ҚР Сүт одағының мәліметіне сүйенсек, бір сүт компаниясы 1 млн доллар болатын асептикалық қаптамадағы ұзақ уақыт сақталатын сүтті шығынға жазған.

«Біз Қырғызтаннан әкелінген дайын өнімнің кей үлгілерін тәуелсіз зертханаға талдау жасауға бердік. Оның құрамында табиғи майлардың орнында өсімдік майлары қосылғанын анықтады. Бұл жосықсыз бәсеке деп аталады», – деп ой қосты одақ өкілі.

Қазақстанның сүт одағы үнемі нарыққа мониторинг жүргізеді. Көп жағдайда Қырғызстаннан тиісті таңбалаусыз, яғни құрамы, өсімдік майларының мөлшері толық көрсетілмеген өнім жеткізілетіні белгілі болған.

«Халық арзан бағаға қызығып, оның сапасына мән бермей сатып алады», – дейді ҚР Сүт одағының тең төрайымы.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер