astana-view

Жамбыл облысының кәсіпкерлер палатасы: «Туристік бизнесті дамыту керек»

2017 жылғы 15 Қараша
- Жамбыл облысы
3204 просмотров

Жамбыл жерінде «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында  «Ancient Taraz - 2017»  Халықаралық туристік форумы өтті

Форум қатысушыларға халықаралық тәжірибеге сүйене отырып, туристік саланың дамуындағы стратегиялармен, тәжірибелерімен, пікірлерімен алмасуға қолайлы алаң болып табылады.

Форумға Қытай, Корея, Малайзия, Германия, Ресей және өзге де шет елдерден 300-ден астам мейман қатысты. Олардың арасында Орталық Азия елдерінің халықаралық сарапшылары, Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігі, облыс әкімдігінің басқармалары, ҚР «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының өкілдері, қазақстандық және халықаралық туристік қауымдастықтар, туристік және қонақ үй нарығының өкілдері, жоғарғы оқу орындарының басшылары бар.

Форум -  қатысушыларға туризм индустриясын дамытудағы тәжірибе, пікірлер, стратегиялармен алмасуға мүмкіндік береді. Форумның өз деңгейінде өтуіне Жамбыл облысының кәсіпкерлер палатасы да атсалысты.Тарихы тереңге таралған Тараздың киелі жерлерін аралаған қонақтар үшін «Баласағұн» ОКЗ-да Кәсіпкерлер палатасы ұйымдастырған турфирмалар, қонақ үйлер, санатори  мен қолөнер шеберлерінің  туындылары қойылған, өңір туралы ақпарат беретін ақпараттық көрме өтті.

Көрмеге Жамбыл облысының 40-қа жуық қолөнершебері өз туындыларын ұсынды. Ұсынып қана қоймай, сырттан келген меймандардың талайының таңдайын қақтырды. Әсіресе, тарихи өлке утралы сыр шертетін бұйымдарды қызыға алды. Мұндай Халықаралық деңгейдегі форумдар әр түрлі елдер арасында тәжірибе алмасуға, әріптестік қарым қатынас орнатуға ықпал етеді деп сенеміз – дейді Жамбыл облысы Кәсіпкерлер палатасының жобаларды сүйемелдеу бөлімінің сарапшысы Нағима Молдахметова.

Сондай-ақ, Кәсіпкерлер палатасының ғимаратында қалада туристер жиі тоқтайтын қонақ үйлер мен мейрамханалардың қызметкерлері (ресепшн, қабылдау бөлімі, даяшы) үшін шеберлік сыныбы өтті. Күн аспан елінің халқы әлемде ең көп саяхаттайтын елдердің қатарынан жатады.

«Тарихы бай Тараздың мәдени-тарихи жерлері мен нысандары шетелдік меймандардың келуіне жақсы себеп туғызуда» - дейді «ПАНДА» тіл орталығының директоры Жұлдыз Мұқтархан.

Жұлдыз Астана қаласына 2010 жылы отбасысымен бірге Қытайдан көшіп келген. 30 жыл Қытайдың Чун Цын қаласында өмір сүрген. Елордағы бизнесі – «тіл орталыгы» гидтерді дайындау, шетелдік делегациялармен жұмыс істеу, қарсы алу, тіл үйрету жұмыстарымен айналысады.

Шеберлік-сынып «Ұлы Жібек Жолы бойындағы саяхат» Халықаралық Фестивалі аясында ұйымдастырылды. Қонақ үйлер мен қытайлық туристердің арасында байланыс құруға, қонақ үйлер мен мейрамхана қызметкерлерінің  қытай тілі туралы ақпараттық база мен ең көп қолданылатын тіркестерді меңгеруінің маңызына бағытталған.

Іс-шараға 30-ға жуық адам қатысты.

 

Төлеген Дарыбаев «Chalet» деген қаладағы ірі мейрамхана-қонақ үй кешенінің бірінің басқарушысы. Айтуынша, елімізге танымал тұлғалардан бөлек, қазірде шет мемлекеттерден туристер тоқталады екен. Сондай сәттерде тіл білетін мамандардың тапшылығы сезіледі. Сервистік қызмет сапасын жоғары деңгейде көрсеткенімізбен, қарапайым терминдерді білудің маңызы зор екені сол сәттерде байқалады. Кәсіпкерлер палатасы осы саланың мамандарының басын қосып, туризмнің дамуына керек мәселені көтеріп жатқандығын қолдаймын және алғыс айтамын, - дейді.

Форумның соңғы күнінде «Fashion Day» атты отандық киім дизайнерлері мен балалар суреті және қолөнер шеберлерінің облыстық байқауы өтті. Талғамы жоғары тұтынушыларға нео-фальклор стиліндегі дизайнерлердің жаңа топтамалары ұсынылды.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер