astana-view

Депутаттар «Атамекенге» алғыс білдірді

2017 жылғы 15 Қараша
4472 просмотров

Әкімшілік құқықбұзушылық туралы заңда Ұлттық палатаның ұсыныстары ескерілді

ҚР Парламенті Мәжілісінің пленарлық отырысында депутаттар «ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасын екінші оқылымда мақұлдап, ҚР Парламенті Сенатына қарауға жолдады.

«Атамекен» кәсіпкерлік субъектілерінің құқығы мен мүддесін қорғауға бағытталған заң жобасының ережелерін дайындауға белсене қатысты. «Атамекен» ҚР ҰКП мен мемлекеттің мүдделі органдары ҚР Әділет министрлігінің алаңында 2016 жылдың ақпан айынан бастап жұмыс тобының 10 отырысы өтті, ал Парламент Мәжілісінде депутаттармен бірлескен 24 жиын ұйымдастырылды.

Жұмыс тобынының жетекшісі, ҚР Парламенті Мәжілісінің Заңнама және сот-құқықтық реформа жөніндегі комитеттің мүшесі Арман Қожахметов Ұлттық палатаның атына бірігіп атқарған белсенді жұмыс үшін алғыс білдірді.

Заң жобасы Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша дайындалды. Дайындалған заң жобасының негізгі мақсаты – әкімшілік заңнаманы гуманизациялау.

«Атамекен» ҚР ҰКП ұсыныстары ескерілген заң жобасында қарастырылған:

  • 157 құрам бойынша әкімшілік айыппұл көлемін орташа алғанда 30%-ға дейін азайту;
  • Бизнес үшін енгізілетін маңызды жаңалықтардың бірі – заңды тұлғаларға қысқартылған өндіріс институтын өрістету. 350-ден астам құрамда заңды тұлғалар үшін айыппұлды 7 күн ішінде 50% жеңілдікпен төлеу мүмкіндігі қарастырылады;
  • ӨКП қызметкерлеріне ЖК құқығы мен мүддесін сотта қорғау мүмкіндігі;
  • Ескерту қолдану институтын өрістету. Енді мұндай 14 баптың орнына 54 бап;
  • Маңызы шамалы құқық бұзушылықта жауапкершіліктен босату институтын енгізу. Енді бизнеске мемлекетке зиян келтірілмеген болмашы әрекет үшін ауқымды айыппұл сомасы салынбайды;
  • 18 құрамда жаза жеңілдетілді және рұқсат, лицензия қолданысын тоқтату, лицензиясынан айыру, айыппұлдық пайызбен көрсету секілді әкімшілік жазалар алынып тасталды;
  • 4 құрам бойынша мүлікті тәркілеу толық алынып тасталды, Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 3 құрамы бойынша тәркілеуге балама енгізілді;
  • Рұқсат құжатын толықтай емес, оның бөлігін (тармағын) тоқтату;
  • Қаржы саласында әкімшілік жауапкершілікке тартудың ескеру мерзімін 5 жылдан 3 жылға азайту;
  • Заң бұзушылықтарды реттегенде лицензия/рұқсат әрекетін мерзімінен бұрын қайта жандандыру мүмкіндігі қарастырылған;
  • Мемлекеттік органдар берген ұйғарым, ұсыныс, қаулыны орындамаған жағдайда бизнес қызметін тоқтатуға балама енгізілді;
  • Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің бизнеске қатысты әкімшілік жауапкершілік қарастарылған бірқатар құрамы алынып тасталды.

 Заң жобасы 2017 жылдың соңында қабылданады деп күтіледі


Еншілес ұйымдар

Серіктестер