astana-view

Өңірдегі кәсіпкерліктің бет алысы

2017 жылғы 17 Қараша
2133 просмотров

Маңғыстауда қанша шағын және орта кәсіп субъектісі теркелген? Қанша кәсіпкерлер шаруасын дөңгелетіп отыр? Қанша миллиондар кәсіпкерлікке жіберілді? Қанша шаруашлық кооперативтері құрылды? Осы сауалдардың барлығына Маңғыстаудың 5 ауданы мен Жаңаөзен қаласындағы кәсіпкерлер палатасының филилал басшылары 9 айдың қорытындысын жасады.  

Жаңаөзенде күні бүгінге дейін 7883 кәсіпкер тіркелген. Ол былтырғы жылмен салыстырғанда 15 пайызға артқан. Кәсіпкерлік субъектісінің тіркелу жағынан Мұнайлы ауданы көш бастап тұр. 4950-ге жеткен саны. Түпқарағанда 1782 субъектісі тіркелген.  Онан соң Бейнеу, Маңғыстау ауданы рет-ретімен жүре береді. Жалпы, аудандарда бизнесті жүргізу, жұмысты тиімді атқарудың тетігін табуда тыңғылықты шаруалар атқаралып жатыр.

Кәсіпкерлік негіздерін үйрету үшін «Бастау Бизнес» жобасы қолға алынған.

Мұнайлы ауданында 157 адам кәсіпкерікке оқытылса, оның 40-ғы ғана бизнес жобаларын ақтап шығарған.

Мұнан кейін бізде екінші орында Бейнеу  149 адамға кәсіпкерліктің қыр сырын үйреткен. 76 адам бизнес жобаларын қорғаған.

Қарақияда 134 азамат оқытылып, 70-сы бизнес жобаларын қорғаған.

Маңғыстау ауданында 133 адам оқытылған. 59-ы жобаларын қорғаған.

Ауылшаруашылық кооперативтерін құруда Бейнеу ауданы көш бастап тұр. Мәселен жыл басынан бері ауданда «Бейнеу», «Берген Бек», «Бас Үстірт», «Мусира 1» және «Қарақұм Боранқұл» ауылшаруашылық өндірістік кооперативтері құрылған.   Соның ішінде «Бейнеу ауыл шаруашылық өндірістік кооперативі» құны 53 млн тұратын мал сою пунктін сатып алып, өз жұмысын бастады. Сонымен қатар «Берген бек» ауылшаруашылық өндірістік кооперативі мал сою пункті мен реферижатор алуға 35 365 000 теңге көлемінде несие алды.

Кооператив құруда екінші орынды Жанаөзен қаласы иеленіп отыр. «Атамекен», «Ботакөз», «Олжа» және «Несібе-Жан» сияқты 4 ауыл шаруашылық кооперативі құрылған. Әрқайсысының атқаратын функциялары дербес.

•        «Ботакөз» ауыл шаруашылық кооперативі  мүшелері өндірілген сүт өнімдерін тапсыру үшін, қаламыздағы «Жаңаөзен сүт зауыт» ЖШС мекемесімен келісім-шарт жасақталды. (3600 литр)

•        «Несібе Жан» ауыл шаруашылық кооперативі жүн-тері өнімдерін қабылдау орталығын жүргізуде. «CaspianLana Atуrau» ЖШС-не жылына 6 тонна түйе жүнін, 400 теңгеден өткізуге келісім шарт жасасты.  Қазіргі уақытта кооператив жүн қабылдау пунктін ашып отыр.

•        «Атамекен» ауыл шаруашылық кооперативі қазіргі таңда құдығынан шыққан суды тұщытатын қондырғысын (опреснение воды) мемлекеттен ауыл шаруашылығы өнімдеріне берілетін субсидиялау арқылы алу үшін құжаттарын дайындаудамыз.

•        «Олжа» ауыл шаруашылық кооперативінің жағдайы  төмен, себебі  «ҚазТрансОйл»  мекемесі су тапшылығына байланысты, суды қосуға келісім шарт бермей отыр. Осындай олқылықтың орнын толыру үшін қазір жауапты мамандар жұмыстанып жатыр. 

Сондай-ақ, Түпқарағанда 1 ауылшаруашылық кооперативі құрылып, 2-і әділет басқармасында тіркелу үстінде.

Палата кеңесшілерінен қызмет алатындардың саны өскен.  Мысалы, Жаңаөзенде 2624 адам кеңес алса, ол былтырмен салыстырғанда 2 есеге көп.

Мұнайлы ауданында 636 адамға кеңестік қызмет көрсетілсе, Қарақия ауданы бойынша, 409 адам 830 консультацияға жүгінген. Маңғыстау ауданының кәсіпкерлер палатасына 380 адамға  750 консультациялық қызмет көрсетіліпті. Ал, Түпқарағанда 328 адамға 769 кеңес берілген.

Жаңаөзенде Шағын қаржы ұйымдары арқылы алынған несие сомасы 51 500 000 млн/тенге, атап айтсақ Маңғыстау облыстық «Атамекен» кәсіпкерлер палатасының  жанында ашылған Микроқаржылық  ұйымыннан биыл  4% несиемен 2 жоба қарастырылып, жалпы соммасы 24 000 000 теңгені құрап отыр.

Мұнайлыда биыл құны 127 050 000 теңге болатын 22 жоба қаржыландырылған.  Оның - 71 100 000 «Атамекен» микро қаржы ұйымы бөлсе, қалған 55 950 000 Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қорынан бөлінген.

Биыл «Бастау Бизнес» жобасы бойынша, құны 21 200 000 теңге болатын 9 жоба несиелендірілді.

Шетпеде «Бастау Бизнес» жобасы бойынша «Ауылшаруашылығын қаржылай  қолдау» қорынан 6 адам 18 000 000 теңге, «Атамекен»  микроқаржылық ұйымынан» 14 адам  49 955 000 теңге көлемінде төменгі пайызбен несие алып, өз жұмыстарын бастады.

Түпқарағанда  «Агробизнес – 2020» бағдарласы бойынша (80% субсидиялау арқылы) – 14 құдық қазылды. Сондай-ақ, «Бизнес жол картасы – 2020», бағдарламасы аясында, «Атамекен» МҚҰ арқылы 21,0 млн. теңге тұратын 2 жоба қаржыландырылды.

P/S: Кәсіпкерлік – экономиканың көсегесін көгертіп, оның дамыуына ықпал ететін бірден бір салаға айналды. Мемлекет барынша, кәсіппен айналысып, шаруасын дөңгелетіп отырғандарға, енді бастамақ болғандарға мейлінше қолдау білдіріп жатыр. Бастысы ниет болса, қаржы мен істі қолдайтындарда табылады. Алайда кәсіпкерліктің дамуына кері әсер ететін факторларда болады. Оны да ескеру керек. Соның бірі - бастапқы білімнің таяздығы. Бірақ бұл күні «Атамекен» кәсіпкерлер палатасы ол жағын да реттеп қойғалы қашан. «Бастау Бизнес» жобасы осындай олқылықтардың орнын толтыруға біраз  ықпал етеді. Сондықтан көз қорқақ, қол батыр-деген қағиданы ұстанып, кез келген жұмыстың тетітігін тапсақ, сізде, бізде экономикамыздың жақсаруына біраз септігіміз тиер ме еді?!

Қанат Айтбай

 

 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер