astana-view

«Атамекен» жүк жөнелтуші мен жүк тасымалдаушы арасындағы көпір іспеттес

2017 жылғы 17 Қараша
4723 просмотров

«Атамекен» ҚР ҰКП мен ҚТЖ ынтымақтастық келісіміне қол қойды

«Атамекен» ҚР ҰКП бастамасымен Ұлттық кәсіпкерлер палатасы тарапынан Басқарма төрағасының орынбасары Елдос Рамазанов пен «ҚТЖ – Жүк тасымалы» АҚ Басқарма төрағасы Оралхан Құлақов арасында кәсіпкерлікті дамытуды қолдау мақсатымен ынтымақтастық туралы келісімге қол қойылды. Кездесу барысында Қазақстанның ауыл шаруашылық өнімдері экспорттаушыларын жылжымалы құраммен қамтамасыз етуге бар жағдай жасау келісілді.

Ынтымақтастық қарым-қатынас орнату ұсынысы 30 қараша күні бейне-конференциялық байланыс арқылы өңірлер, бизнес-қауымдастық, мемлекеттік органдар, «ҚТЖ» ҰК» АҚ басшылығының қатысуымен «Атамекен» ҚР ҰКП Басқарма төрағасының орынбасары Елдос Рамазанов төрағалық етуімен өткен жұмыс отырысында талқыға салынған болатын. Отырыстың күн тәртібінде Қазақстанның жүк жөнелтушілерін жылжымалы құраммен қамту мәселесі басты назарда болды.

«Атамекен» мен ҚТЖ арасында келісім жасалып, «ҚТЖ – Жүк тасымалы», «Мемлекеттік кәсіпорынның аумақтық бөлімшесі» филиалдар басшылығымен, сонымен қатар, өңірлік кәсіпкерлер палатасы, ауыл шаруашылығының облыстық басқармасы мен Ауыл шаруашылық министрлік өкілдері өңірлерде жұмыс топтар, жедел штабтар ұйымдастыру қажет», - деп отырыс барысында ұсыныс білдірді Елдос Рамазанов.


 

 аясКелісім аясында да ауыл шаруашылық өнімдерін шетелге, атап айтқанда, Өзбекстан, Ауғанстан, Иран, Қытай және т.б елдер бағытында экспорт тасымалдауды ұйымдастыру негізгі міндет болып табылмақ.

Сонымен қатар, Келісімге сәйкес тараптар астық пен ұнды теміржол арқылы тасымалдауды үздіксіз әрі ашық ету, станцияларда тауарды жүктеу мен түсіруді жеделдету жұмыстарын жүргізу мен келісімнің міндеттерін атқармайтын жауапсыз компанияларға бағытталған шаралар қабылдау мәселелерін шешу жоспарланған. 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер