astana-view

Мемлекеттік қызмет көрсету саласында жүргізілген мониторинг 4,5 мың сағаттан астам уақытты алған

2014 жылғы 27 Наурыз
9657 просмотров

ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасының сарапшылары мемлекеттік қызмет көрсету саласында жүргізген мониторингты сараптай келіп, 389 мемлекеттік органдарда 4614 сағат бақылау жүргізілді, деп хабарлайды Palata.kz.

ҚР ҰКП жүргізген қоғамдық мониторинг барысында, 12839 кәсіпкерден сауалнама алынып, 141 фокус-топ, 327 «құпия сатып алушылар», 589 респондент қатысып, 389 мемлекеттік қызмет көрсету органдарында 4614 сағатқа созылған қоғамдық бақылау жүргізілді.  

Қоғамдық мониторингтың қорытындысы бойынша, мемлекеттік қызмет көрсету саласында стандарттардың жетілмеуі, қызмет көрсетудің мерзіміне байланысты көптеген заң бұзушылықтардан бастап,  мемлекеттік қызметкерлер тарапынан жасалатын жемқорлыққа дейін анықталды.  

Монитронгты жүргізудегі басты мақсат, осы саладағы әкімшілік кедергілерді анықтап, мемлекеттік қызметкерлер тарапынан кететін объективті және субъективті заң бұзушылықтарды қаперге алып, мемлекеттік қызмет көрсету саласын оңтайландыру үшін стандарттарды өзгерту бойынша ұсыныс енгізу болып табылады.  .   

Мониторинг қорытындысын сараптап, біріздендіру мақсатында Ұлттық кәсіпкерлер палатасы аталмыш бақылауды жүргізуде Мемлекеттік қызмет істері Агенттігінің мемлекеттік қызмет көрсету істерінің сапасын бағалау Әдістемесіне сәйкес етіп жүргізді.

Қоғамдық мониторинг 2013 жылдың 20 желтоқсанынан 2014 жылдың 20 ақпанына дейін жүргізілді. 

Сауалнамаға қатысқан кәсіпкерлердің 45 пайызы, мемлекеттік қызмет көрсету саласында қалыптасқан жағдай бойынша, мәселелерін заңсыз тәсілмен шешетіндігін мойындаған. Көбіне жаңадан ашылған кәсіпорындар жемқорлықпен беттесіп жатады. Сауалнама көрсеткендей, кәсіпкерлер өз бизнесін дамыту барысында жемқорлыққа бейімделу кезеңінен өтіп, аяғында жең ұшынан жалғасқан жемқорлықтың жүйесі қалыптасуына әсер етеді.  

Сервистік компаниялардың қатысуымен мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бағалау үшін, Әдістеме сараптамаға алынып, басқа да маңызды көрсеткіштерді пайдалану үшін ұсыныс енгізілді:

1) күту мерзімі, қызмет көрсету өз уақытында жасау өлшемі бойынша, әрбір қызмет түрлерін жекеге шығару қажет

2) «Мемлекеттік қызмет көрсету ақпаратының қолжетімді» өлшемі бойынша, ұсынылып отырған қызмет жөнінде  ақпар қатардағы тұтынушыға түсінікті әрі ұғынықты болуы шарт. Әлемдік тәжірибеде қолжетімділіқ – қызмет көрсету процессі мен ақпараттандыру жүйесінің тиімділігін реттейтін құжаттардың сапасы арқылы белгіленеді. Қолжетімділік сондай-ақ, түрлі кеңістік-мерзімдік параметрлері арқылы да анықталмақ. Оны бағалаушы негізгі көрсеткіш ретінде, халыққа қызмет көрсету пункттерінің алыстығы мен саны, жұмыс уақыты, мүмкіндігі шектеулі жандарға қолжетімділігі, тұрмыстық ахуалы төмен тұрғындарға қызмет көрсетумен де бағаланады.

3) Әдептілік критерилері – мамандардың қызмет көрсетуіне тұтынушы тарапынан  қанағаттанарлық баға беруімен де өлшенеді. Яғни, қиындық туындаған сәтте тиімді көмек көрсетуге дайын тұруы тиіс. Мамандардың әдіптілігіне қанағаттанған қызметті пайдаланушылар саны бекітілуі  керек.    

Көрсетілген көрсеткіштердің мән-мазмұнын белгілеу кезінде алғашқы мәліметтер мен әлеуметтік сауалнама нәтижесі пайдаланылуы керек.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер