astana-view

Ұлттық палата бизнеске тиімсіз қолдауды алып тастауды ұсынды

2017 жылғы 29 Қараша
6982 просмотров

Абылай Мырзахметов бәскеге қабілеттілікті арттыруда кәсіпорындарға жекелеп көмек көрсету керек деп есептейді  

Осы мақсатта Ұлттық палата негізгі салалардың бәсекеге қабілеттілігін арттыру бағдарламасын дайындады. Оның негізгі ережелерін «Атамекен» ҚР ҰКП Басқарма Төрағасы Ұлттық палата Төралқасының кеңейтілген отырысынды таныстырды.

Қолдау бірнеше бағытты қамтиды. Бұл салалық саясатты нақты мақсатты индикаторларды қою арқылы қалыптастыру, отандық тауар өндірушілер реестрі базасында Карта әзірлеу, реттелетін сатып алулар жүйесі арқылы салаларға қолдау көрсету және тағы басқа да мәселелерді жинақтайды.

«Зерттеу қорытындысы негізінде «Атамекен» тәжірибе жүзінде тиімді болатын салалық даму бағдарламаларын – нақты мақсаттар, нәтижелер, іс-шаралар, мерзім мен орындаушыларды қалыптастыруды ұсынып отыр. Сонымен қатар салалардың ахуалына талдау жасау керек, оның нәтижесі «Өндірісті орналастыру картасын» жасауға ықпал етеді. Оған еліміздегі өңдеу өнеркәсіпкерінің барлық кәсіпорны сала-сала мен өңірге қарай бөлініп көрсетіледі», – деп атап өтті Абылай Мырзахметов.

Басқарма Төрағасының айтуынша Карта өнеркәсіп саясатының тиімді құралына айналады. Ол даму үшін кластерлік тізбе жасау үшін өңірлердің шынайы бағытын анықтауға мүмкіндік береді.

«Арнайы инвестициялық келісімшарт» тәсілін қолдануды ұсынамыз. Бизнес өзіне өндірісті шоғырландыруды арттыру, экспортты көбейту мен жаңа технологияны енгізу бойынша міндеттемені алады. Сонымен қатар мемлекет тарапынан реттелетін сатып алуларда ұзақ мерзімді шарттарға және басқа да қолдауларға сүйенеді», – деп хабарлады Абылай Мырзахметов.

Басқарма Төрағасы кәсіпкерлердің қаржы алу мәселесіне тоқталды. Ол заңды тұлғаларға арналған несие 5,7%-ға немесе 300 млрд теңгеден астам сомаға төмендегенін айтты. Сондықтан теңдестірілген әрі үйлестірілген макросаясат қажет.

«Біз таяу арада ақша-несие саясатының ынталандыру рөлі қайта қалпына келіп, Ұлттық банктік қос мандаты бекітіліп, төмен мөлшерде несиелеумен қамтамасыз етеді деген үміттеміз», – деп атап өтті Абылай Мырзахметов.

Сонымен қатар ол салық саясаты арқылы іскерлік белсенділікті ынталандыруды қарастыратын уақыт келгеніне де назар аударды. Атап айтқанда, еңбекақы төлеу қорына ауыртпалықты 20-25%-ға дейін арқылы азайту, салық санын оңтайландыру мен шағын және орта бизнестен түсетін салықты жергілікті бюджетке беруді ұсынды. Шағын және орта бизнестің салығын жергілікті бюджетте қалдыру әкімдіктердің бизнесті дамытуын ынталандыратын жүйе қалыптастырады.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер