astana-view

ҚР Қорғаныс министрлігі әскери қызметкерлерді тегін тамақтандыруға мәжбүрлейді

2017 жылғы 11 Желтоқсан
9525 просмотров

Министрлік қызметкерлерінің салғырттығынан кәсіпкерлер зардап шекті

Мәселенің мәні тереңде. 2016 жылы жеке компания мен ҚР Қорғаныс министрлігі бір әскери бөлім қызметкерлерін тамақтандыруды 2016 жылдың 31 желтоқсанына дейін ұйымдастыру келісімшартын жасаған. Сол жылдың желтоқсан айының ортасында сол компаниямен тағы да екі айға – 2017 жылдың қаңтар, ақпан айларына тамақтандыруды ұйымдастыру туралы қосымша келісімшарт жасалды. Келісім 2016 жылдың 29 желтоқсанында хат арқылы бекітілген.

Нәтижесінде компания өзіне алған міндеттерді толық орындағанымен ақшаны ала алмады. Қорғаныс министрлігі көрсетілген қызмет үшін төлем жүргізбейтіндігін айтқан. Себебі қосымша келісімшарт қазынашылық органдарында тіркелмеген, тиісінше күшіне де енбеген.

Кәсіпкер тығырыққа тірелді: қағаз жүзінде барлығы да дұрыс. Алайда қызмет көрсетуші өз еркімен келісімшартты тіркей алмайды. Дәл тапсырыс берушінің өзі, қазіргі таңда министрлік, қосымша келісімшартты қазынашылық органына тіркеуге беруі керек және бас тартқан жағдайда кәсіпкерді хабардар етуі тиіс.

Кәсіпкер орын алған мәселені шешу үшін министрлікке бірнеше рет жүгінгенімен іс жауапсыз қалған. Мемлекеттік орган «жалтарма жауабында» кінәлілер жазаланды деп өз кінәсін мойындағанымен, актілерге қол қоюда және қызметті төлеуде асығыстық танытар емес.

Мән-жайды анықтау барысында ҚР Қорғаныс министрлігінің жосықсыз әрекетінен зардап шеккен кәсіпкерлердің саны оннан асты, нақты айтқанда шағын және орта бизнестің 11 субъектісі жалпы сомасы екі жүз миллион теңгедей (191 840 399 теңге) шығын тартқан. Тіпті бұлардың саны көп болуы да мүмкін, жағдайды «түсінген» олар көмек сұрап, мәселені ашық айтпаған да болар.

Ақысы төленбеген қызметтің нұқсаны уақыты еңбекақы, салық, несие төлемеуге тиді.

Бизнесмендер «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасына жүгініп, Мемлекет басшысы мен Премьер-министрдің атына ұжымдық хат жолдаған.

Қызмет көрсету дерегі кәсіпкерлер мен әскери бөлім командирлері (қызметті қабылдап алушылар) қол қойған қызмет көрсету актісімен тексеру құжаттарымен расталған, бірақ министрлік шот бойынша төлеуден бас тартып отыр», - деп хабарлады Астана қаласы адвокаттар алқасының адвокаты Мұхтар Қожахметов.

Әскери қызметкерлердің тамағы бюджет қаржысының есебінен қамтамасыз етіледі, министрлік екі айдың төленбеген сомасын қайда жіберген? Шындығында сарбаздар тегін тамақтандырылған.

Қорғаныс және қаржы министрліктері басшылығының атына бірнеше мәрте жүгінумен бұл дауды бейбіт түрде шешу мүмкіндік болмады. Сот органдары шағымданудан да қолдау таппай, қанағаттандырылмаған күйде қалды.

«Бұл жағдай қорғаныс министрлігінің беделіне нұқсан келтіреді, алайда министрліктің өзі бұл жайында ойланбайды», - деп атап өтті адвокат.

Мұхтар Қожахметов Қорғаныс министрлігі кәсіпкерлердің шағымына жауап қатқан жағдайда бұл жағдайдың шешімі бар екенін айтты. Мемлекеттік қызметкердің салғырттығынан туындаған мәселе өзінен өзі, тіпті кінәлі қызметкер жазаланып, мемлекеттік органда жұмыс істемесе де шешілмейді.

«Әділдік қағидасын ескере отырып заң негізінде табыстыруға мүмкіндік беретін процедуралар бұл мәселені шешеді. Алайда бұған келіскілері келмейді, министрлік кәсіпкерлердің пайдасына шешім шығарғанша, материалдық шығынғы ұшырай берсін деп есептейді. ҚР Қорғаныс министрлігі жауапкершілікті мойнына алып, бір ғана дұрыс шешім ­­­– медиация аясында дауды реттеуді қабылдау керек», - дейді зардап шеккен кәсіпкерлердің қорғаушысы.

«Атамекен» ҚР ҰКП Кәсіпкерлер құқығын қорғау департаментінің сарапшысы Алмас Кемелбеков бұл жағдайда ҚР Қорғаныс министрлігінде мемлекеттік сатып алу мәселесін нақты реттеудің жоқтығы рөл ойнағанын атап өтті.

«Жалпыға мәлім дерек: кез келген келісімшарттың екі тарабы бар: сатып алушы–сатушы және тапсырыс беруші–орындаушы. Бұл жағдайда министрлікте қызмет көрсету келісімшартының барлығы ведомстволық актілерге, нақты айтқанда Қорғаныс министрлігі мен ҚР Қарулы күштері Бас штабы мен ҚР Қорғаныс министрлі РМБ құрылымдың бөлімшелерінің тауар, жұмыс және қызметтің мемлекеттік алуын ұйымдастыру және өткізуде өзара іс-қимыл регламентіне сілтейді. Бұл жерде келісімшарттың тапсырыс беруші тарабы – келісімшартта Қорғанс министрлігінің мүддесін танытатын мемлекеттік сатып алудың бас басқармасы (РМБ «20015 Әскери бөлім»), бұл дегеніміз аталған жағдайда министрліктің бөлімшелері жеке дара құқық пен міндеттері болмастан, сол арқылы әрекет етуі тиіс. Алайда бұл регламентте тағы да бірнеше тарап қарастырылған: сатып алуды ұйымдастырушы, тапсырыс беруші, үлес беруші орган және қабылдап алушы, сатып алу туралы келісімшартты орындауда олардың әрқайсысы әрекетінің өз алгоритмі бар», ­- деп түсіндірді сарапшы.

Тапсырыс беруші – келісімшартты жасау, орын орындалуы мен қызметіне төлемді жүзеге асыратын мемлекеттік уәкілетті министрлік. Бұл жағдайда «20015 Әскери бөлім» РМБ. Қабылдап алушы – мемлекеттік сатып алу туралы келісімшарт бойынша тауар, еңбек және қызметті қабылдап алуды жүзеге асыратын құрылымдық бөлім. Ол «20015 Әскери бөлім» РМБ ретінде келісімшарттың тарапы болып саналмайды, қол қоюға қатыспайды, бірақ келісімшартта оның құқығы мен міндеті тапсырыс берушінікінен де көп көрсетіледі.

Үлес беруші орган – қызметке өтінім беретін, мемлекеттік функцияның орындалуын қамтамасыз ететін бөлім.

«Біздің жағдайда – әскери қызметкерлерді тамақтандыруды ұйымдастыру. Ол да келісімшарттың бір тарапы, нақты алғанда көптеген құқық мен міндетті жүзеге асырады, бірақ тапсырысқа да, қызмет қабылдауға да қатысы жоқ», - деп атап өтті Алмас Кемелбеков.

Сарапшы тапсырыс берушінің өзі «20015 Әскери бөлімі» РМБ туралы да сауалға жауап берді. Бұл қандай бөлім?

«Анықтағандай, бұл ҚР Қарулы күштерінің құрамындағы әскери бөлім құқығындағы бас басқарма. Құрылым Қарулы күштер орталық аппаратының құрылымына кірмейді, демек министрліктің орталық аппаратына жүктелген мемлекеттік функцияны орындауға құқығы жоқ. Дегенмен қорғаныс министрлігінің бұйрығымен сәйкес мемлекеттік функцияны «бөлімшелерге» табыстаған, бірақ құрылымдық бөлімшелер арасындағы жауапкершілікті айқындамаған. Нетижесінде келісімшарттың шарты бұзылғанда – кәсіпкерлердің құқығына қысым көрсетілгенде – сұрауын алатын ешкім болмайды», - деп нақтылады «Атамекен» қызмектері.

Ұлттық кәсіпкерлер палатасы осы мәселе бойынша Қорғаныс министрлігі мен Бас әскери прокуратураға сұрау салды. Жағдай әлі шешілмеді, дегенмен әскери ведомство шара қабылдайды деген үміт бар.

Алдағы уақытта бұл дауға қатысты шешім мен нәтижесі туралы міндетті түрде жариялаймыз.


Ұқсас жаңалықтар:

Еншілес ұйымдар

Серіктестер