astana-view

Отандық емес, шетелдік өнім таңдалған

2017 жылғы 25 Желтоқсан
8925 просмотров

Монополист компнания жергілікті қамтуға немқұрайды қараған

21 желтоқсан күні «Атамекен» ҰКП алаңында алпауыт компания мәселесі қаралды. «Alageum Electric» АҚ өндіретін 40МВА 110/35/10-10 кВ  трансформаторларын «Құрық» порт кешеніне қолдану мәселесіне арналды. «Alageum Electric» АҚ «Атамекенге» өтінім түсірген болатын, онда отандық компания «Қазақстан Темір жолы» АҚ отандық трансформаторлды емес, Әзербайжан компаниясы ұсынған тауарды сатып алғанын баяндаған болатын.  

Іс-шараға  «Атамекен» ҚР ҰКП Басқарма Төрағасының орынбасары Қуаныш Бишимов, «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ «Ірі жобаларды іске асыру дирекциясы» филиалы директорының орынбасары Нұржан Есбатыр,  сонымен қатар «NADLоC жергілікті қамтуды дамыту  ұлттық агенттігі» АҚ, «Маңғыстау электр желісін тарату компаниясы» АҚ өкілдері қатысты.

«Alageum Electric» АҚ өз нарығын қорғауда дұрыс қадам жасап отыр. Бұл мәселе жыл басынын бастау алып келеді. Аталған жоба «Нұрлы жол» бағдараламыс аясында жүзеге асып отыр. Демек, қаржы мемлекеттік – бұл біздің тауар өндірушілеріміздің төлеген салығы осы қаржыға біз осы реконструкцияны іске асырмақпыз. Бүгінде   Alageum Electric кешенге қажетті барлық трансформаторларды жасауға қауқарлы. Алайда «Маңғыстау электр желісін тарату компаниясы» АҚ жобаны мақұлдауда кешенге шетелдік өнімді ұолдануды ұсынған. Ал Елбасы да ұлттық өнімді қолдау жайында айтып келеді. Мемлекеттік саяасат жергілікті қамтуды қолдайды. Ал мына жобада шетелдік өнім таңдалған», – деді Қуаныш Бишимов.

«Маңғыстау электр желісін тарату компаниясы» АҚ-тың техникалық жиын хаттамасына қарамастан бас жобалаушы «Қарағанды Промстройпроект инистиуты» ЖШС үшін бұл негізгі нұсқау болған. Ал тапсырыс беруші  «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ «Маңғыстау электр желісін тарату компаниясы» АҚ талаптарын ескеруге міндетті, өйткені жобаны уақытында аяқтау керек.

«Мында «Маңғыстау электр желісін тарату компаниясы» АҚ» монополист ретінде дәл Әзербайжан өнімін белгілеп отыр. Бізде ҚР Ұлттық экономика министрлігінің 2015 жылғы 19 наурыздағы № 229 бұйрығымен бекітілген Тапсырыс берушінің (әзірлеушінің) қызметін ұйымдастыру және функцияларын жүзеге асыру ережесі) Ережесі бар, Онда Ұлттық палата қатысуымен: мемлекеттік қаржыға іске асып жатқан жобаларда отандық өндірушілерге басымдық беріліп отыр»,– деді ҰКП Басқарма Төрағасының орынбасары.

 Бүгінгі таңда жобаны іске асырушы қослақы мердігер компния «МК-Энерго» ЖШС ақпарат беруі бойынша әзербайжандық ATEFGROUP трансформаторлары 90%-ға дайын әрі 2018 жылдың қаңтарында елге жеткізіледі. 

«NADLоC жергілікті қамтуды дамыту  ұлттық агенттігі» АҚ Басқарма Төрағасының орынбасары Дмитрий Усов жобаның мемлекеттік сараптамаға дейін іске асуы заң тұрғысынан күмән тудырады.

Ал «Мемсараптама» РМК бас директоры орынбасары Николай Тихонюк жобаларды қарастырғанда отандық өндірушілердің жобаға қатысуы міндетті түрде қарастырлытаның айтты. Ал бұл жобада аталған талап орындалмағаны көрініп тұр.

 «Түптеп келгенде, барлығы қазақстандық болуы керек. Заң жобалары мен бұйрықтардағы өзгертулер оларды орындау үшін жасалады», – деді Қуаныш Бишимов.

 Жиын қорытындысы бойынша Ұлттық палата атынан «Маңғыстау электр желісін тарату компаниясы» АҚ жұмысын бағалау мақсатында уәкілетті органдарға тиісті өтінімдер жіберіледі. Ал Маңғыстау облысы әкімдігі жанындағы Жергілікті қамтуды бақылау комиссиясына аталған жобаға қатысты бақылауды күшейту ұсынылды. 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер