astana-view

Қазақстанда 5 кәсіпорын «Сенім сертификатына» ие

2014 жылғы 28 Наурыз
9118 просмотров

Жұмысшылардың еңбек құқықтарын сақтау бойынша, ерікті түрде мағлұмдаудан өткен қазақстанддық 5 кәсіпорын «Сенім сертификатына» ие және 3 жылға еңбек заңнамаларын қадағалау бойынша еңбек инспекциясы тексерулерінен босатылады, деп хабарлайды Palata.kz сайты.

Бүгін Павлодарда Өңірлік кәсіпкерлер палатасының кеңсесінде дөңгеек үстел болып өтті. Онда  Қазақстан Республикасы кәсіпорындарының жұмысшылардың еңбек құқығын сақтау бойынша ерікті түрде мағлұмдау бастапқы жобасын іске асыру барысын талқылады.

Дөңгелек үстел аясында «ПНХЗ» ЖШС, «Крендель» ЖШС «Сенім сертификаты» табысталды. Олардың мағлұмдалған қызмет барысын МЕИ тексере келе, осындай шешім шығарды.

Облыстық кәсіпкерлер Палатасының директоры Райхангүл Сатабаеваның айтуынша, еңбекті қорғау  саласы осал әрі ерекше назарға ие.    

«Крендель» ЖШС кәсіпорны, Павлодар мұнайхимия зауыты Павлодар облысында алғаш болып Сенім сертификатын алды және жұмысшылардың еңбек құқықтарын сақтаушы кепілдігі берілетін жұмыс берушілер тізіліміне енгізілді. Енгізіліп жатқан бастапқы жоба еңбекті қорғау саласында жұмыс берушілердің жауапкершілігін арттыруға ықпал етеді, жұмыс берушілердің шығыны мен әкімшілік кедергілерді азайтуға септеседі.

«Бұл белгілі бір дәрежеде әлсіздеу сала, сондықтан ерекше қорғауды талап етеді. Бұл бағыттағы жұмыс жалғасатын болады. Біз, Ұлттық кәсіпкерлер палатасы ретінде, бұл жұмысқа белсенді түрде қатысатын боламыз», - деді Р.Сатабаева.

Олардын бөлек, «Тамила плюс» ЖШС, ШҚО «Олжас» ЖШС, Қызылорда облысында «Шығыс халықаралық мұнайы техникасы» ЖШС сертификат берілді.  Өз кезегінде, Ақмола облысында бастапқы жоба аясында «Инфраэнерго» ЖШС, Алматы облысының «Қазақтелеком» ОТД АҚ-ның филиалы, «Ирада-Балық» ЖШС, «Қаратал Транзит» ЖШС құжаттары мен арызы қаралды.

Бүгінгі күні мағлұмдалған критерийлері нәтижесі жөнінде қорытынды дайындалу үстінде.

Естеріңізге сала кетейік, 2013 жылдың 27 қыркүйегінде жұмысшылардың еңбек құқығын сақтау бойынша ерікті мағлұмдау ісі жөніндегі бастапқы жоба басталып кетті.  Жобаны ҚР Еңбек және әлеуметтік қорғау министрлігі, «Атамекен» ЖЭС және ҚР кәсіподақ Федерациясы бірігіп қолдауымен іске асырылуда.

Дәл қазір бастапқы жоба Шығыс Қазақстан, Алматы, Жамбыл, Павлодар облысында іске асырылуда.

Жобаға қатысушы әрбір кәсіпорын әлеуметтік жағдайды шешуде үлгілі екендігін, мемлекет сенімін ақтай отырып, өз жұмысшыларының құқығын қорғауда міндеттерін орындауы тиіс.

Сенім сертификатына ие кәсіпорындар 3 жылға еңбек заңнамаларын қадағалау бойынша еңбек инспекциясы тексерулерінен босатылады.       

Енгізіліп жатқан бастапқы жоба еңбекті қорғау саласында жұмыс берушілердің жауапкершілігін арттыруға ықпал етеді, жұмыс берушілердің шығыны мен әкімшілік кедергілерді азайтуға септеседі.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер