astana-view

«Бизнес пен кәсіпкерлік негіздерін» Көкшетаудың мектептерінің бірінде енгізілді

2017 жылғы 26 Желтоқсан
- Ақмола облысы
7140 просмотров

Жаңа пәнді алғашқы болып 10 сынып оқушылары оқып бастады 

Жаңа енгізілген пәнді М. Ғабдуллин атындағы №3 профильдік мекте-гимназиясының 10 сынып оқушылары  алғашқылардың бірі болып оқытуды бастады.

Оқу барысы теориялық білімді, ойын әдісімен қолданылатын тәжірибелік білім мен шынайы өмірден алынған кейстер негізінде өтеді.

«Оқушыларым тек экономикалық бизнес-түсініктер базасы мен терминдерімен ғана танысып қана қойған жоқ. Компания құру, құрылымдық ұйымдастыру, міндеттерді құқықтық реттеуді үйрену барысы байқалады. Ойын әдісімен бизнес-жоспар құру, оларды қорғау жүзеге асады. Балалардың болашақта таңдайтын кәсібіне қарамастан, бизнес негіздерін білу оқушыларға кез келген салада жақсы қызмет көрсетеді», – деді М. Ғабдуллин атындағыэкономика және құқық пәнінің оқытушысы Анар Түлешова.

Оқыту бағдарламасы аясында Өңірлік кәсіпкерлер палатасы алаңында алғашқы кіріспе сабағы өткізіліп, Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығын мектеп оқытушыларына көрсету жоспарланған. Сонымен қатар, Өңірлік кәсіпкерлер палатасының бизнес-жаттықтырушылары мектептерде бизнес семинарларды өткізеді.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер