astana-view

Қызылордада шағын және орта кәсіпкерлік дамытуға үлес қосқандар марапатталды

2017 жылғы 28 Желтоқсан
- Қызылорда облысы
11442 просмотров

Марапаттау Кәсіпкерлер палатасының алаңында ұйымдастырылды 

Қызылорда облысы кәсіпкерлер палатасының алаңында аймақта кәсіпкерлік саласының дамуына үлес қосып жүрген бизнестегі азаматтар мен мемлекеттік орган және өзге де мекемелердің өкілдері марапатталды.

Шарада Палата директоры Ғалымбек Жақсылықов қатысушыларға жыл көлемінде атқарған жұмыстарына алғысын білдірді.

«Біз жаңа  жылға ерекше көңіл-күймен қадам басқалы отырмыз. Халқымызда «Өткен жылға өкпе жоқ, келер жылдан үміт көп» деген даналық сөз бар. Осы жылы Кәсіпкерлер палатасынан 7 мыңнан астам кәсіпкерге кеңес берілсе, 200-ден астам кәсіпкердің құқығы қорғалған. Мұнан өзге Палата кеңесшілері жылпы құны 2 млрд. 427 млн.теңгені құрайтын 372 жобаны сүйемелдеген. Ауыл азаматтарына арналған «Бастау Бизнес» жобасы сәтті жүзеге асты. Тұңғыш рет кәсіпкерлік мақсаттағы жер телімдеріне арналған аукцион Кәсіпкерлер палатасының алаңында өтті. Кәсіпкерлеріміз республика көлемінде үздік нәтижелер көрсетуде. Ел Президентінің республикалық «Алтын сапа» сыйлығында «Абзал және К» ТС-і үздіктер қатарынан көрінсе,  Қазақстанның сауда кәсіпорындарының үздік басшыларын анықтау, сервис деңгейін және қызмет көрсету сапасын көтеру мақсатында елімізде дәстүрлі өткізілетін республикалық «Сауда үздігі» байқауында қызылордалық кәсіпкерлер   4 номинация бойынша гран-приді иеленіп, 2018 жылы «Сауда үздігі» байқауы жеңімпаздар өңірі – біздің облысымызда өтетін болды. Бұл ақпараттар атқарылған жұмыстардың бір бөлігі ғана. Алға қойған жоспарларымыз да ауқымды. Ең бастысы елімізде тыныштық, бірлік, береке болсын», - деді Ғалымбек Жақсылықов.

Мұнан кейін, саланың дамуына үлес қосып жүрген азаматтар марапатталды.

Атап айтқанда, Қазақстан Республикасы Президентінің «Алтын сапа» сыйлығын алуға арналған байқауға белсенді қатысқаны үшін «Арал тұз» АҚ-ы «Атамекен» ҰКП Төралқа Төрағасы Тимур Асқарұлы Құлыбаевтың Алғыс хатымен марапатталады.

Еліміздің экономикалық әл-ауқатын жақсартуға қосқан еселі еңбегі мен кәсіпқойлығы, сондай-ақ Өңірлік кәсіпкерлер палатасы қызметінің дамуына қосқан үлесі үшін «Атамекен» ҰКП Басқарма төрағасы Абылай Исабекұлы Мырзахметовтің Құрмет грамотасымен келесі азаматтар марапатталды:

  • Сугралин Ержан Базарбайұлы – «Іскер М» серіктестігінің директоры;
  • Байманов Ғалым Дүйсенбайұлы – «Көлжан» серіктестігі директорының орынбасары;
  • Боранбаев Қанат Жомартұлы – «K-GroupЛТД» серіктестігінің директоры.

«Атамекен» ҰКП Басқарма төрағасы Абылай Исабекұлы Мырзахметовтің Алғыс хатымен келесі азаматтар марапатталды:

  • Базарбай Раушан Ахметтуллақызы – «Сана сезім орталығы» серіктестігінің директоры;
  • Аманова Жанна Нұрланқызы – Іскер әйелдер кеңесінің төрайымы;
  • Қуанышбаев Қазбек Измағамбетұлы – «НефтьПромСнаб» серіктестігінің директоры;
  • Бекболатов Ғани Бекболатұлы – жеке кәсіпкер.

Қызылорда облысы кәсіпкерлер палатасының директоры Жақсылықов Ғалымбек Жақсылықұлының алғыс хатымен:

  • Сатанов Мейрамбек Амантайұлы – «Наймир» серіктестігінің директоры;
  • Марат Наушанұлы – жеке кәсіпкер;
  • Сəтмағанбетов Бауыржан Жаулыұлы – «ҚазТрансГазАймақ» АҚ Қызылорда облыстық филиал директорының орынбасары;
  • Сейілов Жанмұрат  Жақсымұратұлы – қалалық кәсіпкерлік, өнеркәсіп және туризм бөлімі басшысы;
  • Еркебай Ғалымжан Бақтығалиұлы - Қызылорда қалалық жер қатынастары бөлімі басшысы;
  • Нұрмағанбетов Руслан Аймырзаұлы – «Қызылордажылуэлектрорталығының» директоры;
  • Науанов Үкібай Барақбайұлы – «Ауылшаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ Қызылора облыстық филиалының менеджері;
  • Демеуова Лайлә Әділбековна – «Нұрторгстрой» серіктестігінің директоры.   

Шара соңында кәсіпкерлер іскер азаматтар үшін қолайлы ахуал қалыптастыра білгені үшін Кәсіпкерлер палатасына алғысын білдірді. 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер