astana-view

Алматы қаласы кәсіпкерлер палатасы балалар үйінің тәрбиеленушілеріне жаңа жылдық қойылым ұйымдастырды

2017 жылғы 31 Желтоқсан
- Алматы қаласы
5431 просмотров

«Атамекенім» акциясының аясында Алматы қаласы кәсіпкерлер палатасы мен «Дорогу молодым» қоғамдық қоры «Баланың арманы орындалсын...» жаңажылдық акциясын ұйымдастырды. Әлеуметтік мекеме, көп балалы, тұрмыс жағдайы төмен және көмекке мұқтаж отбасынан шыққан балалар ғажайыпқа сеніп, жаңажылдық сыйлық алуды армандайды. Алматы қаласы кәсіпкерлер палатасы бизнестің қолдауымен балалар үйінің тірбиеленушілеріне тәттілер мен жұмсақ ойыншықтар дайындады.

«Қайырымдылық шарасын өткізуге дайын көптеген қоғамдық ұйымдар бар. Алайда олардың материалдық жағдайы шектеулі. Кәсіпкерлер палатасы мұндай акцияға бизнесті жұмылдырып келеді. Бизнес тарапы да қалыс қалмайтыны қуантады. Акцияның аясын кеңейткіміз келеді. Жақсылықтың белгісі өзгелерге үлгі болады деген үмітіміз зор. Мұқтаж жандардың, жетімдердің, дертке шалдыққан балалардың мәселесіне назар аудару керек», - деді Алматы кәсіпкерлер палатасы директорының орынбасары Қайрат Құдайберген.

Палата өкілі мұндай акция екінші жыл қатарынан ұйымдастырылып отырғанын, кәсіпкерлер де атсалысып келе жатқанын атап өтті. Балалар үйіне барған екі кәсіпкер арнайы оңалту жабдығын алуға 8 млн теңге қаражат бөлген. Жеке меншік колледжер де өз сыяпаттарын жасады. «Перспектива» колледжі тәтті салынған қорап дайындаса, қаржы-құқық және технология колледжері жұмсақ ойыншықтар үлестірді.

Өңірлік кеңес төрағасы Ерлан Стамбеков «Атамекенім» акциясы аясында 2,5 мың балаға көңіл бөлінгенін атап өтті. Бизнес өкілдері ұйымдастырған шырша тойы Алматыдаға 3 балалар үйінде өткізілді.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер