astana-view

Бизнес-омбудсмен: шешілген мәселелер кейсі

2018 жылғы 04 Қаңтар
3656 просмотров

Қолды болған жүк кәсіпкерге қайтарылды, Ресеймен тығыз байланыс орнатылды: бизнес-омбудсмен аппараты жұмыс қорытындысын шығарды

Қазақстан кәсіпкерлерінің құқықтарын қорғау жөніндегі уәкілдің қатысуымен қылмыстық заңнаманы ізгілендіру бойынша (ҚК-тен «жалған кәсіпкерлік» туралы бап алып тасталды), бас жоспарлар мен егжей-тегжейлі жоспарлау туралы ақпаратты әкімдіктердің сайттарында орналастыру бойынша жұмыстар атқарылды.

Қазіргі уақытта ҚР Ауыл шаруашылық министрлігімен бірлесе отырып, жер телімдерін сатып алу мәселелері шешілуде, сатылған жер телімдері туралы ақпаратты әкімдіктердің сайттарында жариялау бойынша заң жобалау жұмысы жүргізілуде. Сонымен қатар, Ауыл шаруашылығын субсидиялау ережелерін дұрыс түсінбеу және дұрыс қолданбау мәселелері шешілді, осының кесірінен кәсіпкерлер қылмыстық қудалауға ұшыраған болатын.

Бизнес-омбудсмен аппаратының көмегімен «Ордабасы құс» ЖШС-не сомасы 520 160 700 теңгені құрайтын және «Сағып» ШҚ-на қатысты бюджет қаражатын (субсидияны) заңсыз иелену фактісі бойынша қозғалған қылмыстық істер тоқтатылды. «Айка» ШҚ-нан 2 730 300 теңге, «Береке Т» ШҚ-нан 15 271 370 теңге, «Е. Зайтенов» ШҚ-нан 16 632 705 теңге өндіріп алу бойынша жіберілген талап-арыздар қайтарып алынды.

Бизнес-омбудсменнің өтініші бойынша Сыртқы істер министрлігі Орал қаласындағы Қытай компаниялары ShenZhen YunDa Logistics Suppiy Chain Service Co., LTD және OCEANSK 2016 жылдың қараша айынан бастап ұстап отырған газ турбиналық қондырғыны жөндеуге қажетті қосымша бөлшектерді «KazCargoCustoms» ЖШС-не қайтару бойынша жұмыстар атқарылды. 2017 жылдың маусым айында жүк «KazCargoCustoms» ЖШС-не жеткізілді.

2017 жылдың сәуір айында Жоғарғы соттың Төрағасы азаматтық істер бойынша сот алқасына «Фахрад» ЖШС-нің кедендік әкімшілендіру саласында сомасы 270 млн. теңгені құрайтын кассациялық сатыдағы қаулыны қайта қарау туралы өтінішхатын ұсынды. Сол жылдың мамыр айында қаулының күші жойылды және кәсіпкердің пайдасына шығарылған бірінші сатыдағы шешім өз күшінде қалдырылды.

«Қазагроқаржы» АҚ-ның ісіне қатысты инвестициялық жоба бойынша  Ұлттық қор қаржыландырған  жалпы сомасы 900 000 АҚШ долларын құрайтын мүлікті – астық сақтау жабдықтарының бір бөлігін тәркілеудің күші жойылды. Бизнес-омбудсменнің өтініші бойынша Бас покуратура наразылық жариялады, оны жоғарғы сот қолдады. Бүгінгі таңда өзге өтініштер де оң шешімін табуда.

Бизнес-омбудсмен аппаратының мектепке дейінгі білім беру ұйымдарын қаржыландыруға қатысты заңнаманы жетілдіру бойынша ұсыныстары ҚР Білім және ғылым министрлігі тарапынан қолдау тапты.

Тағы бір маңызды факт, Елбасының № 568 жарлығымен 2017 жылдың 20 қазанында Қазақстан кәсіпкерлерінің құқықтарын қорғау жөніндегі уәкіл Болат Палымбетов ҚР Президенті жанындағы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес комиссиясының құрамына енгізілді.

Өңірлер бойынша рейд

2017 жылы Қазақстан кәсіпкерлерінің құқықтарын қорғау жөніндегі уәкіл Қазақстанның 9 өңіріне іссапармен барып қайтты, атап айтқанда, Болат Палымбетов Алматы, Маңғыстау, Қарағанды, Қызылорда, Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Оңтүстік Қазақстан, Батыс Қазақстан облыстарында және Алматы қаласында болды. Бес өңірде бизнес-омбудсмен жеке қабылдау өткізді, қабылдау барысында 45 проблемалық мәселе көтерілді.  Бүгінгі күні 21 мәселе оң шешілді, 24-і жұмыс үстінде. Кәсіпкерлердің проблемалары көбіне өңірлік ерекшеліктерге байланысты - шағымдардың  шамамен 80% -ы. Олар , негізінен, жермен, құрылыспен, субсидиялау және салықтармен байланысты. Мұндай мәселелер көбіне бизнес-омбудсмен өзі араласқаннан кейін, кәсіпкерлермен диалогтық кездесулер барысында шешіледі. Мысалы, Батыс Қазақстан облысына барған сапарының қорытындысы бойынша тасымалдаушылардың шығынын субсидиялау бойынша мәселе шешілді.

Бірлесе отырып жұмыс істейміз

Жақында Астанада Еуразиялық экономикалық одақ аясында Қазақстан мен Ресей бизнес-омбудсмендерінің бірінші форумы өтті.  Іс-шара бизнес-омбудсмендер Болат Палымбетов және Борис Титовтың, Қазақстан мен Ресей кәсіпкерлерінің құқықтарын қорғау жөніндегі уәкілдерінің аймақтық өкілдерінің, сондай-ақ ҚР және РФ мемлекеттік органдары өкілдерінің қатысуымен өтті.

Форум барысында кәсіпкерлік қызмет субъектілерінің құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау бойынша ынтымақтастық туралы ашық Келісімге қол қойылды.

Енді қазақстандық кәсіпкерлер Ресей аумағында мемлекеттік органдармен қарым-қатынас кезінде проблемаларға тап келсе, Ресей бизнес-омбудсмендерінің құқықтық қолдауына сене алады. Қазірдің өзінде екі елдің бірлескен күш-жігерімен қазақстандық және ресейлік бірнеше кәсіпкерлік субъектілерінің құқықтары қорғалды. Мысалы «Электр желілерін монтаждау 110-500» ЖШС-нің РФ аумағында ұрланған сомасы 10 млн. теңгені құрайтын мүлкі  қайтарылды, Челябинск облысында «NORD-KAZTRANS PV» ЖШС-нің мүлкін ұрлауда күдікті адамдар ұсталды, Қостанай облысы аумағанда «ТехКомплект» ЖШҚ-ның мүлкі қамаудан босатылды.

Айта кету керек, Қазақстан мен Ресей тығыз ынтымақтастықты жалғастыра отырып, 2018 жылы бизнес-омбудсмендердің 2-форумын өткізуді жоспарлап отыр.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер