astana-view

2017 жылдың қорытындылары: Ауыл шаруашылық кешенінде қандай жұмыс атқарылды?

2018 жылғы 06 Қаңтар
9303 просмотров

2017 жылы ҚР Ауыл шаруашылық министрлігінің  қаулыларына өзгерістер енгізіліп, шөпжойғы мен тыңайтқыштарға байланысты субсидия мәселесі анықталып, шешілді 

Дүниежүзілік ауыл шаруашылығында 1 млрд-қа жуық экономикалық белсенді халық бар. «Атамекен» осы саланың Қазақстанда дамуына көп көңіл бөледі.

Ұлттық палатаның жұмысы аясында Қытай сауда желілерімен 100 мың тонна көлеміндегі мұздатылған қой етін жеткізу келісілген болатын .Сонымен қатар, өсімдік шаруашылығындағы экспорт мысалдары бар. Мәселен, дәнді-бұршақты дақылдар ішінде осы уақытқа дейін белсенді жасалмаған жасымық шаруашылығы қолға алынды.

«Атамекеннің» белсенді жұмысы нәтижесінде қазақстандық шаруалар 2017 жылы 300 га жерге жасымық егілді. Қазақстан бірден жасымық өндірісінен дүниежүзі бойынша 6 орынға көтерілді. Елімізде сұранысқа ие, дамытуды қажет ететін көптеген тауарлар бар.

«Атамекеннің» жұмысының арқасында шөпжойғы мен тыңайтқыштарға байланысты субсидияның пайыздық қатынасы алынып тасталды. Осы уақытқа дейін 50% отандық өндіріске, ал 30% шетелдік өндіріске шектеулері болған еді. Яғни, шаруа ендігі шығарылатын еліне қарамастан өз қалауына байланысты тиімді деп санайтын дәрі-дәрмектерді таңдай алады.

Ашық жұмыс жүргізілу мақсатында мал шаруашылығында субсидия алу үшін Өңірлік палаталарда салалық одақтар мен қауымдастықтардың өкілдері құрамына енген Арнайы комиссиялар ұйымдастырылды. Сонымен қатар, сатып алулар ережелерінде мал басының құны ұлғайтылды. Мәселен, тұқымдық айғырлардың басына 40-тан 100 мың теңгеге дейін, қойлар – 8-ден 30 мың теңгеге дейін, түйе – 37-ден 100 мың теңгеге дейін.

Одан өзге, субсидия алуды күрделендіретін белгілер мен шарттар алынып тасталды, төлдер шығу пайызы төмендетінді, бір мал басына 3 га жайылым тіндеті алынып тасталды, ақпараттық-сараптамалық жүйе қызметі, мал азығын тарату техникасы, автосуыарғыштың болу шарты кейінге шегерілді.

Мал дәрігерлік саласындағы мемлекеттік қызметті жақсарту мақсатында ҚР Ауыл шаруашылық министрлігінің қаулыларына өзгерістер енгізіліп, бірқатар нормативтер мен тиесілі құжаттар беру қайта қарастырылды.

Мәселен, экспорт, импорт және тауарлардың мемлекеттік ветеринарлық бақылау транзитіне рұқсат беру бойынша мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі 10 күннен 8 күнге қысқарып, өтінішті қарастыру уақыты ендігі 5 күн емес 3 жұмыс күнін алатын болды. Сонымен қатар, импорт, транзит және экспортқа рұқсат алу өтініші түскен уақтта сараптама актілерінің болу шарты, әрі мал шаруашылығының өнімдерін экспорттаушыларға талаптар мен шарттар тізімінен бірқатары алынып тасталды. Демалыс күндері ветеринарлық анықтама беру қызметі жолға қойылып, өзге салалық ұйымдар мен жергілікті атқарушы органның ветеринарлық ұйымдарының жұмыс күндерін көбейтілді.

Өңдеуші саланы дамыту мақсатында 2017-2021 жылдарға агроөңдеуді индустриаландыру бойынша Жүйелі шаралар әзірленді (агроөңдеу картасы). Бар қуатты толық пайдалану принципі жүзеге асыру мақсат етілді және ол ауыл шаруашылық кооперацияларымен қатар барлық өнеркәсіптерден шикізатты жинау логистикасы арқылы жүзеге асады.

Қазақстанның өнеркәсіп ерекшеліктерін ескере агроөңдеу картасына 9 басым сала енді: сүт, ет, майлы дақылдарды өңдеу, дәнді дақылдар, жемістер мен көкөністер, қант қызылшасы, картоп, теріні күрделі өңдеу. Агроөңідеу картасы аясында жұмыс жасап тұрған кәсіпорындарды модернизациялау шаралары ұйымдастырылып, нәтижесінде ауыл шаруашылық шикізатты өңдеу көрсеткішін ұлғайтуға мүмкіндік береді және өңдеу өнеркәсібі көрсеткішін жоғарылатады.

Шикізат артықшылығы байқалатын өңірлерде шағын жаңа өңдеу кәсіпорындарын ұйымдастыру ұсынылады. Аталған картаны мемлекеттік қолдау инвестициялық субсидиялар арқылы жүзеге асып, негізгі және айналымдағы қаражатқа несиелік сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау жүзеге асырылады.

Инвестициялық шығындарды субсидиялау аясында төмендегі оң шешімдер қабылданды:

  • Шағын және орта ауыл шаруашылық мекемелерінде ауыл шаруашылық құрал-жабдықтарына субсидиялауға қатысу мүмкіндігі пайда болды;
  • Модульдік консткрукциялар мен панельдер шығындарына субсидиялау қосылды;
  • Көлікті-тракторлық станцияларды құрал-жабдықтарына субсидиялау;
  • Репродукторлар, ірі қара мал етін бордақылаушылар, жүн дайындау пунктерін, көшет жасаушылар, рефрижаторлар және т.б-ды ұйымдастыру мен кеңейту бойынша жаңа төлқұжат қосылды.

Салық мәселесі қалай шешілді?

2017 жылы жаңа Салық кодексін дайындау барысында Ақтөбе облысының екінші территориялық аймақ бойынша (3 500 га дейін) жалпы бекітілген режимге ауыспай үшін шаруаларға бар мал басы санын қысқарту қажет болды немесе шаруашылықтарын бірнеше шаруашылықтарға бөлу қажет болғандықтан жер мәселесі шешімін тапты.

Сонымен қатар, 2017 жылы айналымы 30 мың АЕК (айлық есептік көрсеткіш) немесе 68 млн теңгеден асатын біріңғай жер салығын (ары қарай БЖС) төлеушілер ҚҚС (қосылған құн салығы) бойынша есепке тұруға міндетті және БЖС бойынша қызмет көрсету құқығын жоғалтады себебі БЖС төлеуші Салық кодексіне сәйкес ҚҚС төлеуші бола алмайды. Жеңілдетілген декларация бойынша жұмыс жасайтын ауыл шаруашылық өнімін шығарушыларда да дәл осындай жағдай орын алған. Салық кодексінің аясында БЖС төлемдері негізінде шаруа қожалықтары үшін 2017 жылдың 1 қаңтарында ҚҚС есебіне қойған жағдайда және 70% ҚҚС соммасын есептеуді төмендету арнайы салық режимінің сақталуы қарастырылған. Ауыл шаруашылық өнімін шығарушы мен балық шаруашылығы үлескер жеке тұлға арнайы салық режимін қолдану құқығын шектейтін ережелер алынып тасталды.

2020 жылдан бастап жалпыұлттық мағлымдау аясында БЖС орнына салық ауырпашылығын бұрыңғы деңгейде сақтап тұруға мүмкіндік беретін 0,5% төлемімен айналымның салығы енгізіледі. Бастапқы кезеңде Ұлттық экономика министрлігі төлем көлемін 1% деп бекітуді ұсынған болатын.

Ауыл шаруашылық шикізатының өңдеу қызметінің түрлерінің тізімі төменде көрсетілген қызмет түрлерімен толықтырылды:

  • Тазатылған мақтаны алғашқы өңдеу;
  • Балықты алғашқы өңдеу.

2018 жылы ҚҚС бойынша 70% жеңілдіктерді жоюға байланысты (Халықаралық сауда ұйымы аясында жеңілдіктер тыйым салынған) көптеген талқылау мен даулар нәтижесінде ҚҚС есептеудің жаңа механизмі қолдау тапты. Тауарды тек дайындау кәсіпорындарына ғана емес, ауыл шаруашылық кооперативтеріне және өңдеуші кәсіпорындар үшін ЖҚШ әрбір мүшесіне 24 ЕАЖ (ең аз жалақы) жеке қосалқы шаруашылығы (ЖҚШ) табыстарынан босатуға қол жеткізілді.

Құзыреттілік орталығы 200 кеңес берді

2017 жылы құзыреттілік орталығы 187 оқыту семинарларын ұйымдастырып, өткізу барысында 3 695 шаруа курстан өтті. Семинар қатысушылары жұмыс жасап тұрған ауыл шаруашылық ұйымдарының (АҚ, ЖШС, ШҚ) және жеке қосалқы шаруашылығы (ЖҚШ)  қызметкерлері мен басшыларынан құралады. Семинар өткізу үшін қазақстандық сарапшылар шетелдік сарапшылармен бірлесе ауыл шаруашылық кешенінің 25 басым бағыты аясында 3 оқу курсы бойынша (модуль) оқу бағдарламасын әзірленуде.

Фермер шаруашылығының басшылары мен қызметкерлеріне 200 шығып кеңес беру жасалды. 2017 жылы кеңес беру бойынша анықталған ақпараттар сынамалық режимде бастау алды. Қазақстандық сарапшы шаруашылыққа шығып, жағдайға бақылауға алады да содан соң мәселені шешу жолдарын ұсынады. Кеңес беру 1 күнен 5 күнге дейін созылуы мүмкін. Кеңес беруді ауыл шаруашылық кешенінің субъектісі өтініш берген соң сарапшылар жүзеге асырылады. Тек кеңес беріп қана қоймай, маман мәселені соңына дейін бақылауына алады.

Сонымен қатар, құзыреттілік орталығында ауыл шаруашылық кешенінің барлық технологиялары бойынша 740 оқыту видеороликтері бар youtube оқыту желісі бар. Тегін Call-Орталық 8-8000-80-80-10 арқылы үзіліссіз кеңес беру жүргізіліп, 2017 жылы 1 532 қонырау қабылданды. Қазақстанның барлық өңірлерінен және кез келген ұялы оператордан тегін қоңырау шалуға болады. Биылғы жылдың 1 мамырынан 1432 қысқа нөмірі қосымша жұмыс жасайды. Call-Орталық операторлары мемлекеттік қолдау бойынша (субсидиялар, бағдарламалар, лизингтер), ауыл шаруашылық кооперациялары және т.б кез келген сұрақ бойынша кеңес бере алады. Баспа әдебиеттері (буклет, кеңестер, флайерлер) дайындалып, шығарылады. 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер