astana-view

«Атамекеннің» IT-кеңесінің құрамы жаңарды

2018 жылғы 12 Қаңтар
5801 просмотров

10 қаңтарда Ұлттық палата алаңында Мемлекет басшысының Қазақстан халқына арнаған Жолдауын жүзеге асыру мақсатында «Атамекен» ҚР ҰКП жанындағы  IT және стартап экожүйесін дамыту жөніндегі кеңестің отырысы өтті

Жиынды ашқан «Атамекен» ҚР ҰКП Басқарма Төрағасының орынбасары Эльдар Жұмағазиев Кеңес құрылғалы бері IT саласында біршама жұмыс атқарылғанын атап өтті.

Өткен жылы Кеңес пен «Атамекеннің» күш салуының арқылы «Цифрлы Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасына осы саланы дамытуға қатысты бөлім енгізіліп, IT-саласын дамытудың Жол картасы қабылданды, бірінші рет 30 жоғары оқу орнының білім беру бағдарламалары бағаланып, Арнайы экономикалық аймақ Ақпараттық технологиялар паркінің IT-компаниялары/қатысушылары үшін аумақтан тысқарылық қағидасының әрекеті 2028 жылға дейін ұзартылды, электронды сауда субъектілері үшін салық жеңілдіктері қабылданды, Электронды кәсіпорын өнімі және бағдарламалық қамтамасыз етудің сенімді реестрі заңнамалық тұрғыда қабылданды, ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігімен Астана қаласында IT-технопаркін (ЭКСПО орынжайы базасында) құруға қатысты бірлескен жұмыс атқарылу үстінде, бұл технопаркке отандық IT-стартап компаниялар және тағы басқалары қатыса алады.

«Өткен жылы IT-саласын біріктіруге және дамытуға зор мүмкіндік болды», - деп атап өтті Қазақстанның IT-компаниялары қауымдастығының президенті Нұрлан Исин.

2017 жылы Кеңес IT-қоғамдастық өкілдеріне ҚР Білім және ғылым министрімен және Ақпарат және коммуникациялар министрімен кездесу ұйымдастырып, түйткілді мәселелерді талқылады.

MD компаниясының негізін қалаушы Мирус Құрмашев нақты шешім мен ұсыныс мақсатында «Атамекен» жанындағы IT Кеңеске мүше болудың критериін анықтауды ұсынды.

Өткен жылы Ұлттық палата Кеңесі мүшелерінің белсенді қатысуымен IT Meetup конференциясы ұйымдастырылды. Оған отандық нарықтағы 100-ден аса IT-сарапшылар қатысып, мемлекеттің цифрлық дамуы мәселесін талқылап, ойларын ортаға салды.

«Осы жыл да өте қызықты болғалы тұр, себебі Мемлекет басшысы Қазақстан халқына арнаған кезекті Жолдауында IT саласына ерекше назар аударған», - деп атап өтті Documentolog ЖШС бас директоры.

Жиынды қорытындылай келе Кеңес мүшелері бірауыздан «Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасының жанындағы IT және стартап экожүйесін дамыту жөніндегі кеңес төрағасының орынбасары лауазымына MD негізін қалаушысы Мирус Құрмашевты бекітуге шешім қабылдады.

«Атамекен» ҚР ҰКП Адами капиталды дамыту департаментінің директоры Олжас Ордабаев атап өткендей, биыл Кеңес «Цифрлы Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы мен IT-саласын дамыту Жол картасында бекітілген бастамаларды жүзеге асыруға ден қояды, сондай-ақ отандық ақпараттық-коммуникациялық технологиялар өкілдерін қолдау қызметін жалғастырады.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер