astana-view

Агроаймақ құра аламыз ба?

2018 жылғы 22 Қаңтар
- Маңғыстау облысы
4827 просмотров

Маңғыстауда ауыл шаруашылығын дамыту үшін оқу орталық құру қажет

«Сең орнынан қозғалды!» Бірнеше жылдан бері күрмеуі шешілмей келе жатқан мәселе оң шешемін тапты деуге болады. Маңғыстау өңірі табиғаты құрғақ, шөлейітті аймақтардың бірі десекте агротехнологиясы дамыған өңірге айналдыруға болады. Бірақ, еңбек пен қыруар жұмысты талап ететіні жасырын емес.  Сондықтан аймақта  аграрлық даму қарқынды деп айту күрделі болып келді. Бірақ, облысты агроаймаққа айналдыру үшін мал шаруашылығын дамыту, онын ішінде асыл тұқымды мал шаруашылығын қайта қарауға қайта қарауға, егін алқаптарын кеңейту жұмыстары қарқынды іске асырылып келеді. Бірақ нақты қандай жұмыстар атқарылып жатыр? Неліктен  мақаламыздың басын «Сеңнің қозғалысынан» бастап отырмыз? Бұл сұрақтарға МО «Атамекен» кәсіпкерлер палатасының өңірлік кеңес мүшесі, «Agrorost» фермерлер ассоциациясының төрағасы Нұрсәуле Жайнбаева жауап берді. Бұл азаматта Түбектің ауыршаруашылығын түлету үшін барын салып, облыс әкімдігі ғимаратының табалдырығын тоздырғалы қашан?! Оның айтуынша, облысты агроаймаққа айналдыру үшін, фермерлерге консультациялық қызмет көрсететін  оқу-тәжірибе  орталығын құру керек. Бұл жобаны ол бұған дейін аймақтың басшылық тізгінінде отырған әкімдерге бірнеше рет ұсынған. Алайда, «жабулы қазан жабулы күйінде қала берген». Ал, Маңғыстауға жаңа әкім тағайындаласымен-ақ, Ералы Лұқпанұлының тарапынан бұл жоба қолдау тапқан сыңайлы. Яғни, жоба аймақ басшысының көңілінен шығып, оны қаржыландыруға да тапсырма берген. «Agrorost» фермерлер ассоциациясы төрағасының мәлімдеуінше, осыдан 10-15 жыл бұрын «Агросервис» мемлекеттік мекемесі жұмыс жасаған болатын, қазір ол жабылудың алдында тур. Біздің фермерлер  үшін  ірі қараны, егін шаруашылығына қажетті техниканы тауарлық несиеге алуға қолжетімді ұйым еді.. Айта кету керек, бұған дейін ешқандай қаржы секторы «Agroservis» мемлекеттік мекемесі  ретінде жұмыс істемеген. Ал, екінші дәрежелі банктер өкінішке орай ауылшаруашылық мекемелерімен жұмыс жасамайды. Сондықтан өңірде агроөнеркәсіптік кешенді дамытып,  фермерлерге кеңес көрсету үшін оқу-тәжірибе  орталығын құру керек. Облыс әкімінен қолдау тапқан жобаның енді тек қаржыландыруын күтеміз.

Бүгінде облыстың  Қарақия және Мұнайлы аудандарында өсімдік шаруашылығымен айналысатын 50-ден астам шаруа қожалығы бар. Бірақ,  аймақта агроном, ветеринар мамандары тапшы. Тіпті, жоқтың қасы деуге болады. Сондықтан «Agrorost» фермерлер ассоциациясы тарапынан  фермелерді оқыту, үйрету,тәжірибе жүзінде кеңес беру күн тәртібіне енгізілген. Нұрсәуле Айсағалиқызының айтуынша, білімді жетілдіру тек  семинар, тренинг пен шектеліп қалмауы керек, тәжірибе негізінде де, іске асуы қажет. Қазір санға емес, сапаға жұмыс жасайтын уақыт туды. Алайда, сапа мен бірге цияфрлық көрсеткіштер өсіп жатса, нұр үстіне нұр болар еді. Мәселен жаңа агротехнология жайында сөз қозғайтын болсақ, 2006 жылы егін алқаптарын тамшылатып суару әдісін осы Ассоциация төрғасы ұсынған болатын. Шаруақожалық иелері бұл әдістің тиімділігін түсініп, қазір бәрі дерлік  осы жүйеге көшті. Қазір техниканың қарыштаған заманы, технология айына емес, күніне жаңарып отыр. Ал, Елбасы айтпақшы  дамыған 30 елдің қатарына қосылу үшін, елімізде барлығы жан-жақты қамтылуы тиіс. Үлкен бизнестің шағын кәсіптен басталатынын ескерсек, ауылдағы фермерлерге жіті көңіл бөліну керек. Олардың тәжірибе алмасуы мен білімдерін жетілдіру басты назарға алыну керек. Сұхбат барысында, Нұрсәуле ханым өзінің өзге елде көрген түйгендерімен бөлісті. Мәселен, Израильда «Машав» оқу орталығы бар. Орталықтың 70 пайызын мемлекет қаржыландырып отыр. Маңғыстауды екінші Израильға айналдырмасақта, құрығанда агроөнеркәсіп кешенді дамыту үшін не істеуге болады?-деген сұрақтарға ойлануымыз керек сияқты. Импорттан Отандық өнімге көшетін күн баяғыда туған! Сондықтан фермерлер үшін оқу орталығын ашсақ, егін алқаптарын қалай кеңіту керекпіз? Дәнді-дақылдарды қай уақытта еккен дұрыс, топырақтың құнарлылығын арттыру, қайта өңделген суды тазартып, ауылшаруашылығына тиімді пайдалану – осы сұрақтардың барлығы оқу орталығында қамтылмақ. Каспий теңізінің бойында жайғасқандықтан балық шаруашылығын дамыту керек. Өйткені, өзіміздің емес, өзге жақтың өнімін тұтынамыз. Келешекте, теңізден ауланған балықтарды сол күйінде халық тұтыну үшін, жағадау бойынша сауда нүктелерін ашуды жоспарлау керекпіз. Бұл экономикалық жағынан тиімді болар еді. Туризмді дамыту керек. Өйткені, көптеген мемлекеттер ішкі нарықтың капиталын осы туризммен және ауылшаруалық өнімдерінмен пайда тауып отыр.

Фермелерге арналған оқу орталығы Телман ауылында ашуды жоспарлап отырмыз. Өйткені, фермерлерге дәріс оқитын мамандарға бұл ауылда бар жағдай жасалған. Астрахань мемлекеттік университетінінен сондай-ақ, Израильден тәжірибелі мамандарды шақырып отырмыз. Тағы да, ветеринар, айтитехнология маманы, биотехнолог, өсімдіктану, агроном топырақтанушы ғалым, агроном бақташы, агроном көкініс өсіруші бойынша мамандармен бірлесе жұмыс жасауды жоспарлап отырмыз.  


Еншілес ұйымдар

Серіктестер