astana-view

Алматы облысында оқушылар жаңа пәнді оқып жатыр

2018 жылғы 23 Қаңтар
- Жетісу облысы
4705 просмотров

Талдықорғандағы мектептердің бірінде пилоттық режимде «Кәсіпкерлік және бизнес негіздері» енгізілді

Талдықорған қаласының Шоқан Уәлиханов атындағы №10 мектеп-гимназиясында тәжірибе жүзінде «Кәсіпкерлік және бизнес негіздері» атты жаңа пән оқытылуда. Сабақтар аптасына бір рет 10 сынып оқушылары үшін жүргізіледі. Пәнді енгізудегі басты мақсат - мектеп оқушыларына кәсіби бағдар беру, кәсіпкерлік қызметті жүргізуге дағдыландыру.

«Пән пилоттық режимде оқытылып жатыр. Оның қорытындысы бойынша алдағы уақытта өңіріміздің барлық мектептерінде енгізу жоспарланған. Оқушыларға білім беру процесіне мұғалімдермен қатар, кәсіпкерлер де қатысады. Бағдарлама бірнеше кезеңдерге бөлінген, оқыту біртіндеп өткізіледі. Курс соңына қарай мектеп түлектері кәсіпкерлік негіздері бойынша базалық білімдері қалыптасады», - дейді Алматы облысы Кәсіпкерлер палатасы Адами капиталды дамыту бөлімінің сарапшысы Ардак Качкарова.

Сарапшының айтуынша, теориямен қатар, тәжірибелік сабақтар түрлі кәсіпорындар негізінде өтеді. Табысты кәсіпкерлермен кездесу, шеберлік сыныптары ұйымдастырылады.

Кәсіпкерлік негіздері бойынша алғашқы сабақтардың біріне Өңірлік кәсіпкерлер палатасының бизнес-тренері Александр Кузнецов қатысты. Ол оқушылардың қойған сауалдарына жауап берді. 

«Қандай бизнес түрін ашсам болады және ақшаны қайдан аламын?» деген сұраққа былай жауап бергім келеді. Өзгелерден үздік меңгерген, «қолымнан келеді» деген іспен айналысу керек және көрсетілетін қызметтің сұраныс деңгейін білу қажет. Сұраныс бар болған тұста тауарды немесе қызметті білетін болады, оны сатып алады және ісіңіз өрге домалайды. Кәсіпті өз қаржыңызға бастаған дұрыс. Әрине, бұл қиын болғанымен, ең тиімді жол болып саналады», - дейді маман. 

Жаңа пәннің бағдарламасына экономикалық терминдер, бизнес-жоспарды әзірлеу, заңды тұлғаны тіркеу, қаржылық есеп, бизнесті құқықтық реттеу сынды тақырыптар енген.

Алдағы кезеңде Білім және ғылым министрлігі сынама пәнді еліміздегі барлық мектептер, колледждер мен ЖОО-лар бағдарламасына енгізуді жоспарлап отыр.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер