astana-view

Қуанышбек Ерниязов: «Бизнесте тәжірибенің болуы жаттықтырушы үшін маңызды талаптардың бірі»

2018 жылғы 25 Қаңтар
2529 просмотров

Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы аясында «Бастау Бизнес» жобасы еліміздің әр өңірінде жүзеге асырылып келеді. Бұл жоба жұмыссыз және өзін-өзі жұмыспен қамтыған ауыл тұрғындарының жеке кәсіп бастауға, бизнестерін кеңейтуге, жаңа жұмыс орындарын ашуда көмек көрсетеді.

Биылғы жылы жоба жақсы көрсеткіштерге қол жеткізіп, келер жылға қойған мақсаттары мен міндеттері күннен күнге артуда. Қазақстанның 80 ауданында жүргізіліп, қызығушылық білдірген адамдар саны өсуде. Мұның мән-жайы мен қыр-сырын білу үшін Батыс Қазақстан облысының бизнес-жаттықтырушысы Қуанышбек Ерниязовпен сұхбаттастық.

- Бизнес-жаттықтырушы болып өз мойныңызға жауапкершілік алар алдын қандай салада білім алдыңыз? Кәсіпкерлік саласындағы тәжірибеңіз жайында айтып өтсеңіз?

- Өзіме тоқталатын болсам, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін тәмамдадым. Сонан соң стартап негізінде жеке кәсіп ашып, шет елдерде алған білімдерімізді іс жүзінде қолданысқа салдық. Мәскеу мемлекеттік университетінің, ТМД Халықаралық нанотехнологиялар инновациялық орталығының, Инновациялық менеджмент мамандығы бойынша Испанияның Барселона қаласында білімімді жетілдірдім. Бедел қалыптастыру тауарларын жасайтын және сататын кәсіпті қолға алдым. Мәселен, Нью-Йорк университетінің студенттері мақтанышпен киіп жүретін киімдерде университеттің немесе компанияның атының болуы да маркентингтік тәсіл әрі бизнес. Осы саланы Қазақстанда дамытуды мақсат етіп, қолға алдық. Тек киіммен шектелмей, кітап, қолданыстағы қаламсаптарға дейін логотиптермен безендірілді.

- «Бастау Бизнес» жобасының мақсаты не? Бір жыл көлемінде атқарылған жұмыс нәтижесінде қандай көрсеткіштерге қол жеткізілді?

- «Бастау Бизнес» жобасымен бизнес-серіктес ретінде жұмыс жасаймыз. Бір ай көлемінде адамдарға білім беріп, жұмыс жасаймыз. Жобаның өзіндік ерекшелігі: кәсіпті игеруде 15% білім болса, қалған бөлігі тәжірибе. Жоба арқылы тәжірибені шыңдауға мүмкіндік бар. Тіпті қазіргі күні жобаға қатысушылар ауылдық жерлерде белгілі бір ұяшық қалыптастырды. Қатысушылар негізінен ауылдық тұрғындар болғандықтан ауыл шаруашылығын дамыту қарқын алуда. Тәжірибелік тұрғыдан қатысушыларды құжат айналымы, бизнес-жоспар, бюджет құру сынды мәселелерде де сүйемелдейміз. Жергілікті басқару органдарымен жұмыс жасау нәтижесінде 4 адам жер алды. Жерлер мал бордақылау, сауда орталығы, біреуі ағаш өңдеу зауыты үшін алынды. Бұл жобаның тек білім беріп қана қоймай, тікелей болашақ кәсіпкерлермен жұмыс жасайтындығының дәлелі. «Бастау Бизнес» арқылы кәсіпкерлердің кастасы қалыптасып, белгілі бір трендке айналуда. Қазіргі күні кәсіп бастауды мақсат еткен адамдардың іске батыстық тәсілмен қарау, кәсіби біліктілікті жұмыс негізі ету байқалады. Мәселен, мал бордақылау үшін алаңдарды қарайтын болсақ, су өткізілген, жарық бар әрі сол сияқты барлық жағдай жасалған алаңдарда жұмыс жасайды. Бұл үрдісті бизнеске деген адамдардың заманауи көзқарасымен түсіндіруге болады.

- Оқыту барысының теориялық және тәжірибелік уақыттары қалай анықталады?

- Бір ай көлемінде оқыту жүргізілетіндігін білетін боларсыздар. Түске дейін теориялық білім беру уақыты болып анықталса, түстен кейін жеке кеңес беру мен қатысушылармен тәжірибе негізінде жұмыс барысы бизнес-жаттықтырушының көмегімен жүргізіледі. Тәжірибелік бөлімде болашақ бизнесменнің кәсіпорынды ашуды жоспарлап жүрген жерлеріне барып, қаншалықты дәл сол кәсіпті ашуға ыңғайлылығын зерттейміз. Құжаттарға байланысты көптеген мәселелер туындап жататындықтан негізінен осы бағытта ауқымды жұмыс атқарылады. Екі апта көлемінде қатысушы қандай салада жұмыс жасағаны жөн екендігі анықталып, қалған екі апта көлемінде кәсібін бастау уақыты болып табылады. Кейбір кәсіп түрі үшін 40-қа дейін құжаттарды жинау қажет болып жататыны бар. Сол уақытта eGov арқылы электрондық кілтін алып келіп, біздің көмегіміз арқылы көптеген құжаттарды бірден алуға мүмкіндік болып жатады. Уақыт үнемдейтін шара болғандықтан қатысушыға да, көмек көрсетіп жүрген бизнес-жаттықтырушыға да тиімді. Ауыл тұрғындарыболғандықтан күнделікті өзгеріске ұшырап жатқан заңнамалар мен жаңашылдықтарды білмей жататыны бар. Біздің басты мақсатымыз көрсетіліп жатқан бағдарламаларды да айтып, бағыт бағдар беру.

- Кәсібін бастап кеткен шынайы өмірден мысал келтіре аласыз ба?

- Теплоев Сергей деген 58 жастағы шәкіртім болды. Үлкен кісі, ардагер. Өзінің құрал-жабдықтары болған еді. Батыс Қазақстан облысында ағаш өңдеу кәсіпорны жоқ. Соңғы рет өңірде 2007 жылы ағаш өңделген екен. Ағаш қазіргі уақытта елімізге Ресейден келеді. Бізде өңделмегендіктен қымбат болып бара жатқандығы байқалады. Рубль түскен уақытта 20 мың теңге болса, қазір 60 мыңға дейін көтерілді. Бұл бір куб ағаш үшін баға. Бірінші кезекте жер мәселесін шешіп, 1,5 гектар жер алып бердік. Кәсіп үшін жер санаты бойынша берілді. Аудандық бөлімдегі жер комиссиясына өтініш жасып, жергілікті атқарушы органдармен тығыз жұмыс жасадық. Бизнес-жоспар дайындап, бағыт бағдар бердік. Екінші кезекте қаржы институттарына бардық. Жобаның бір ерекшеліктерінің бірі бір адам ғана емес отбасы болып болашақ кәсіп ашуға ниетті адамдарды қолдау. Қатысушылардың орташа жасы 40-45 жас. Ол уақытта адам барлық тұрғыдан кәсіп ашуға дайын болып, кепілдікке үйін қойып, отбасысын асырау үшін еңбек ететіндіктен асқан жауапкершілікпен іске қарауы байқалады. Сергей өндіріс маманы болса, күйеу баласы бас директор болып қызметтерін анықтады. Ресей Сбербанкі арқылы «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» кепілдік етіп, 12 млн қаражат алдық. Депозитке 2 млн теңге салынды. Осы арада мемлекет тарапынан көрсетілетін қолдаудың маңыздылығы өте жоғары. Егер қордың кепілдігі болмағанда үлкен көлемді қаражат алу мүмкін емес болар еді. Үшінші кезекте, осыған дейін орманды қолдану үшін лицензия болу қажет еді, ал қазір Табиғатты қолдану басқармасы арқылы электрондық тұрғыда бірінші категориядағы рұқсат аясында 4 мың мерт куб көлемінде ағаштарды қолдануға рұқсат алып берілді. Жоғарыда айтылған жағдайлардың барлығы жасалған соң бизнес алға жүріп кететіне сенеміз. Алынған қаражатқа қосымша құрал-жабдықтар алынып, бизнес жұмысын бастаған соң халықты жұмыс орындарымен қамтамасыз етеді. Осы мысал арқылы жоба аясында кешенді қолдау мен көмек көрсету ұсынатындығын байқауға болады. 

- Ауыл шаруашылығының даму деңгейі қандай?

- Қаіргі уақытта мал өсіру, мал бордақылау және жалпы ауыл шаруашылығының кез келген саласына ққызығушылық өте жоғары. Соның ішінде қалалық тұрғындар ауылға көшіп, ауыл халқының саны көбею тенденциясы байқалады. Оның себебі ауыл шаруашылығы негізінде кәсіп бастау тиімді. Тіпті АҚШ-та да фермерлер саны көбейіп, осы салаға бөлінетін қығыушылықтың деңгейң өте жоғары екендігі белгілі. Жергілікті атқарушы органдармен тығыз жұмыс жасап үйрендік. Қазіргі уақытта ортақ түсінік бар. Мемлекет тарапынан да әртүрлі қолдау мен көмек түрлері, бағдарламалар баршылық. Екінші жағынан ауыл шаруашылық өнімдері қымбатсынып жатқандықтан да бизнес тұрғысынан басты назарда.

- Бизнес-жаттықтырушы болу үшін талаптар қандай?

- Ең бастысы бизнес саласында тәжірибесі болу қажет. Сонымен қатар, мемлекеттік қызмет көрсету, заңнаманы білу, қаржылық негіздерді түсіну міндетті екені сөзсіз.

- Сіз жаттықтырушы болған өңіріңіздің ерекшелігі бар ма?

- Басты ерекшелік – менталитет. Әр өңірдің өзіндік ерекшелігі адамдардың мінез-құлқына және жұмыс жасау тәсіліне әсері зор. Мәселен, оңтүстік өңірлердің тумалары кез келген саланы немесе қолға алған жұмысты өрбітіп, алып кетеді. Қызығы, шет елдерден келген қазақтардың іске берілгендігі ерекше көзге түседі. Алға қойған мақсаттарын тез,  сапалы әрі ұйымдастырылған түрде жасайды. Бір жаздың ішінде үйін де, қорасын да салып, сонымен қатар, кәсібін бастап жұмыс жасап жүретіні арасында бар. Таң қалдырады. Ауызбіршілігінің жақсы екендігі бірнеше отбасының бір-бірінен қалмай бірге тұрып, өмір сүріп, көшетін болса, бірлесе ауыл болып көшіп жүреді екен.

- Болашақта жобаның нәтижесі қандай болмақ?

- «Бастау Бизнес» жобасы 4-5 жыл көлемінде мультипликативті эффект береді деп ойлаймын. Себебі естіп, жоба арқылы оқып, кәсібін бастаған адамдар саны күнен кұнге өсуде. Түлектермен менің бастауымен кеудеге тағатын белгі жасаттық. Белгіде логотип және «Бастау Бизнес» жобасы деп жазылып тұрады. Жергілікті атқарушы органдардың мәселені шешуді ұзақ уақытқа созатыны барлығына мәлім. Ал жоба аясында күнделікті жұмыс жасап, жергілікті органдармен тығыз өзара қарым-қатынас орнатылғандықтан енгізі осы кеудеге тағылған белгі арқылы жоба қатысушыларын белгілеп, осы жағдайда тез арада қызмет көрсетілуі келісімі жасалған болатын.

- Керемет жаңашылдық! Сұхбатыңызға рақмет!

Сұхбаттасқан Динар Шахай


Еншілес ұйымдар

Серіктестер