astana-view

Жаңа пәннен күтеріміз көп

2018 жылғы 29 Қаңтар
- Қызылорда облысы
5059 просмотров

Қызылордада 35 мектепте жаңадан енгізілген «Кәсіпкерлік және бизнес негіздері» оқытылуда

 Бұл туралы Кәсіпкерлер палатасы директорының әлеуметтік мәселелер жөніндегі орынбасары Ерлан Молдыраимов айтты.

Қызылордада 2014 жылдан бері пилоттық режимде «Кәсіпкерлік негіздері» пәні № 9 мектеп-гимназиясында өткізіліп келеді. 5-10 сыныптарда өткізілетін жоба осы жылдар аралығында өміршеңдігін, тиімділігін көрсетті. Нәтижесінде аталмыш білім беру ұйымында «Атамекен» мектеп компаниясы құрылып, 2017 жылы Токио қаласында ұйымдастырылған  «JA Asia Pacific Company» халықаралық компаниясына қатысқан жалғыз қазақстандық команда болды.

«Кәсіпкерлік негіздері» пәнінде оқушыларға кәсіпкерлік ұғымына түсінік беріліп, алғашқы капиталды жинау тәсілдері, кәсіпкерліктің алғышарттары оқытылады.

Облыс мектептерінің ұстаздарын да аталмыш пән аясында әдістемелік даярлау мақсатында № 9 мектеп-гимназиясының базасында оқыту семинарлары, біліктілікті арттыруға арналған курстар, бизнес-идеялар жәрмеңкесі, шеберлік сағаттары өткізілуде. Нәтижесінде Қызылорда облысында бүгінде «Кәсіпкерлік негіздері» пәні 35 мектепке енгізілді.

Мұнан өзге, жобаның «алғашқы қарлығашы» № 9 мектеп-гимназиясында Ұлттық кәсіпкерлер палатасы әзірлеген «Кәсіпкерлік және бизнес негіздері» атты жаңа оқу бағдарламасы сыналуда.

«№ 9 мектеп-гимназиясы жаңа бағдарлама аясындағы шараларды бастап кетті. Жақында ғана аталмыш білім беру ұйымында ашық сабақ ұйымдастырылды. Жаңа бағдарлама аясында өткен шарада оқушыларға Ұлттық кәсіпкерлер палатасымен пилоттық негізде әзірленген «Кәсіпкерлік пен бизнес негіздері» атты кітапты таратып бердік. Оқулықта экономика, бизнес саласындағы терминдер, компания құруға дайындық, бизнес-жоспар құрудың негізгі кезеңдері т.б. материалдар қамтылған», - дейді Кәсіпкерлер палатасы директорының орынбасары Ерлан Молдыраимов.

Айта кету керек, «Атамекен» ҰКП-сы ұсынған «Кәсіпкерлік негіздері» пәнін енгізу бастамасын ҚР Білім және ғылым министрлігі қолдап, жаңа оқу жылынан бастап еліміздің барлық мектептеріне енгізілетін болды.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер