astana-view

Тамақ өнеркәсібінің өндірістік қуаты төмен

2018 жылғы 06 Ақпан
- Алматы қаласы
7170 просмотров

2018 жылдың 2 ақпан күні «Атамекен» ҚР ҰКП Тамақ өнеркәсібі комитеті сала мәселелерін талқылады

Алматыда өткен жиынға Ұлттық палатада тіркеуден өткен 7 салалық қауымдастық пен одақ, сонымен қатар бизнес субъектілері қатысты.

 Тамақ өнеркәсібі комитеті мүшелері 2017 жылы қол жеткізген негізгі нәтижелері:

  • 70%-дық жеңілдік сияқты, салықтық жеңілдіктер сақталды;
  • ҚҚС бойынша жеңілдік «Мақтаны дәннен тазалау» және «Тірі балықты өңдеу» жұмыстарына қарастырылған;
  • Инвестсубсидиялау Ережелері аясында паспорттар тізбектері кеңейтілген;
  •  Спирт өндіретін зауыттардың өндірістік қуатын минималды жүктеу деңгейі 20%-ға дейін төмендетілді;
  •  2017 жылдың 1 қаңтарынан бастап бос қоймалар иелері Арнайы инвестициялық шарт шеңберінде қарастырылған кеден салығын төлеуден босатылды;
  •  Майлы дақылдарды өз өңдеу цехтарына беруде субсидиялар қарастырылған.

 Комитет мүшелері соңғы 5 жылда тамақ өнеркәсібі өндірісі 46,7%-ға артқанын айтты. Дегенмен бұл көрсеткішке қарамастан тамақ өнеркәсібіндегі өндірістік жүктеу жалпы өнеркәсіп бойынша төмен болып отыр.

«Елбасы тапсырмасы бойынша 5 жыл ішінде өңделген ауыл шаруашылық өнім экспортын кем дегенде 2,5 есе ұлғайту көзделген. Осыған байланысты  мемлекеттік қолдау шаралары көмегімен саланың бүкіл әлеуетін пайдалану қажет. Осылайша шикізат емес, жоғары құн  қосылған дайын өнім экспорты мүмкіндігі ашылады», – деді Комитет төрағасы Ерік Балапанов.

Сонымен қатар Комитет мүшелері «АзияАгроФуд» АҚ кешеніне барды, онда бидай ұны мен жоғары өнімді жем қоспаларын (ірі қара, құстарға арналған жем түрлері) өндіретін өндірістік қуат құрылғылары көрсетілді. Осындай жоғары өнідмі кәсіпорындарға бару тәжірибе алмасу, аланың мәселелерін орында шешу үшін қажет.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер