astana-view

«Азаматтарға арналған үкімет» мамандары кәсіпкер мәселесін күрделендірді

2018 жылғы 08 Ақпан
- Ақмола облысы
5919 просмотров

Астрахань ауданындағы кәсіпкер салалық мекеменің қателігінен жарты жыл бойы өзіне тиесіні мүліктің құжатын қайта рәсімдей алмаған

2017 жылдың маусым айында жеке кәсіпкер Елена Будникова Астрахань аудан Жалтыр ауылында шағын дүкен сатып алған. Алайда жарты жыл бойы кәсіпкер дүкеннің құжатын қайта рәсімдей алмаған. Дүкеннің нақты ауданы ғимараттың техникалық паспортында көрсетілген мәліметке сәйкес келмегендіктен жылжымайтын мүлікті рәсімдеуден бас тартқан.

Кәсіпкер осы мәселені өздігінен шешу үшін уақыты мен қаржысын шығындаған, бірақ шешім өзгермеді. Тек былтыр желтоқсан айында Елена Будникова Ақмола облысы кәсіпкерлер палатасының Астрахань ауданындағы филиалына жүгінген.

Шағымды қарай отырып, «Азаматтарға арналған үкімет» ҰАҚ Ақмола облысы бойынша филиалының Жер кадастры және жылжымайтын мүлікті техникалық тексеру департаменті аудандық бөлімінің мамандары қателік жібергенін анықтаған.

«Құқықтық кадастрдың ақпараттық жүйесіне ғимараттардың, құрылысжайлардың және (немесе) олардың құрамдастарының жаңадан құрылған жылжымайтын мүлікке сәйкестендіру және техникалық мәліметтерін енгізу, мемлекеттік техникалық зерттеп-қарау жүргізу қағидалары мен мерзімдерін және Жылжымайтын мүліктің бастапқы және кейінгі объектілеріне кадастрлық нөмір беру қағидаларын бекіту туралы ережесінің» 13-бабына сәйкес аталған мекеменің мамандары сол орынға барып, нысанды қажетті талапқа сай екенін тексеру керек еді.  Осы себептен нақты аудан мен техникалық паспортта көрсетілген ақпарат арасында айырмашылық пайда болған», – деп түсіндірді Өңірлік палатаның Астрахань ауданы филиалының директоры Асхат Бейсенбенов.

Мәселе бірнеше күннің ішінде шешілді. Салалық ведомствоның қызметкерлерімен телефон арқылы сөйлесіп, техпаспортты дайындауға қатысты олқылықты тегін түзетуге келісілді. Алдағы уақытта құжатты қайта рәсімдеумен филиал қызметкерлері айналысады.

Еске салсақ, «Жер кадастарының ғылыми-өндірістік орталығы», «Жылжымайтын мүлік орталығы», «Мемлекеттік зейнетақы төлеу орталығы» мен Халыққа қазымет көрсету орталықтарын біріктіретін «Азаматтарға арналған үкімет» қызмет көрсету сапасын жақсарту үшін құрылған.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер