astana-view

Өңірлік кеңестің маңызды міндеттері

2018 жылғы 08 Ақпан
- Маңғыстау облысы
4631 просмотров

Өңірлік кеңес Маңғыстау облыстық «Атамекен» кәсіпкерлер палатасының бақылаушы органы болып табылады

Кеңес құрамына алпауыт компаниялардың жетекшілері мен бизнес-ассоциациясың өкілдері кіреді. Солардың бірі – «Заман и К» ЖШС басшысы, «Салют и К»  ЖШС директорының орынбасары Хажеден Измаилов. Ол облыстағы кәсіпкерлердің құқығын қорғау жөніндегі кеңестің 5 жылдан бері тұрақты мүшесі және «Атамекен» микроқаржылық ұйымының кредиттік комитетінің төрағасы. Хажеден мырзаның сөзіне сүйенсек, микро қаржы ұйымы құрылғалы бері 180 бизнес жоба мақұлданып, қаржыландырылған. Сондай-ақ, кәсіпкерлердің құқығын қорғап, олардың кәсібіне қандай да бір нұқсан келмеу үшін оң жұмыстар жасалатынын алға тартты. Бұл мұндай жұмыстың тек бірі ғана, бизнеске қатысты туындайтын мәселелерді аймақтың кеңес мүшелері, палата мамандары күн сайын шешіп отыр. Мәселен, былтыр қазан айында Түпқарағандық кәсіпкер жол бойынша қызмет көрсету бойынша кәсібін бастамақ болып хабарласқан болатын. Арнайы белгіленген жері де дайын. Алайда, Түпқараған аудандық әкімдігі жер телімінің жалға алу уақытын ұзартуға мүмкіндік бермеген.  Меселені кәсіпкерлердің құқығын қорғау кеңесінің мүшелері қарап, нәтижесінде кәсіпкерлік бастамаға шектеу қойғаны үшін, лауазымды тұлғаға қатысты, тәртіптік шара қолдануға шешім шығарды.  Осылайша, мәселе кәсіпкердің пайдасына шешілді.

Сұхбат барысында Хажеден мырза биылға арналған жоспарларымен  бөлісті. Айта кету керек, «Атамекен» кәсіпкерлер палатасында аймақ кеңес мүшелерінен өзге, арнайы мамандар мен бизнес-тренерлер, кеңесшілер жұмыс жасайды. Яғни, азаматтардың кәсіпкерлер палатасына қызметке орналасу барысында комиссия сүзгісінен өткізетін де осы Хажеден мырза. Өйткені, ол осы комиссия мүшесінің төрағасы. Яғни кеңес мүшелерінің ұсыныстары Кәсіпкерлер палатасының басшылығына жұмысқа қабылдау туралы шешімге негіз бола алады. Кадрлық комиссия бірінші тоқсанда палата қызметкерлерін  аттестациядан өткізу жоспарлап отыр. Бұл олардың жұмысына деген сауаттылықты, тағайындалған қызметтеріне сәйкестігін қайтадан тексеруден өтетінін жеткізді.

- Мәселен, кәсіпкер  палатаға кеңес алу үшін, пайда болған проблемасын шешу үшін келеді. Алайда, олардың бұрыс жақтары болатын ескеру керек. Сол уақытта олар өздерінің дұрыстығын дәлелдеп, бизнесін бастау үшін қандай бір органдардың кедергі келтірітендерін алға тартады. Сол уақытта мәселенің ақ қарасын анықтау үшін, біздің мамандарымыз сауатты, дұрыс, нақты жауап беруі тиіс.  Яғни, өз істерінің нағыз мамандары, профессионал екендерін қайтадан бір тексерістен өткізуіміз керек. Өйткені, өзіңізде жақсы білесіз, Мемлекетіміз бизнесті дамыту үшін миллиардтаған қаржы бөліп отыр. Еліміз нарықтық қоғамға өткен уақыттан бастап күн көрістің қамымен ісін дөңгелетіп, тірлік қыла бастағандардың қатары артты. Халық, етене еңбекке араласты, тынымсыз тірлікпен айналысты. Бүгінде олар, «Бір тиынды екі еткен» кәсібі өрге домалаған ірі кәсіпкерлерге айналды. Бұл еліміздің экономикасының өрлеуіне, ертеңгі күні алпауыт мемлекеттердің экономикасындай гүлденуіне, әлеуметтік әлеуеттің нығаюына әкеп соқтырады.

Бүгінгі таңда Аймақтық кеңес тек қана талқылау немесе пікір алмасу  алаңы емес, кәсіпкерлер палатасының жұмысына тікелей араласып, нық шешім шығаратын шағын орган. Кәсіпкерлердің туындаған мәселесін сүзгіден өткізіп, топ болып қарау кеңес құрамындағы азаматтардың бүгінге қойған басты талаптарының бірі екенін айта кеткеніміз дұрыс болар.  


Еншілес ұйымдар

Серіктестер