astana-view

Икемге келген гипс

2018 жылғы 09 Ақпан
- Маңғыстау облысы
5815 просмотров

Маңғыстаулық кәсіпкер гипстен құятын мүсін жасауды қолға алды

Қазір елімізде ең табысты бизнес түрі қандай? Оның кірісі мен шығын қандай болмақ? Бұл сауалдар кәсіпті қолға алған әрбір кәсіпкердің көкейіне келетін сұрақ. Нарықта бәсекелестік болмаса, кәсібіңді өрге домалату мүмкін емес. Сондықтан бәсеке болу керек.  Қазір әрбір қолында азғана тиын-тебені бар азамат шаштараз бен той агенттігін ашуды жоспарлайды. Ол қазір қазақ қоғамда кіріс әаңкелетін бизнестің бірі болып тұр. Ал, гипстен мүсін құйып, оны сауда шығарып отырған  кәсіпкер туралы кәсіпкерп туралы естіппе едіңіз?! Ендеше, ерекше кәсіп түрімен айналысып отырған Маңғыстаулық жас кәсіпкер - Данияр Мурзабеков. Бала шақтан болашаққа ойысқан Данияр балалықтың қиялын осылайша, табыс көзіне айналдырған. Ресейдің түлегі, Қазақстанға келіп, көрген түйгенін Маңғыстауда іске асырып жатыр. Ашып айтар болсақ, ол гипстен ақша жинайтын түрлі персонаждарды жасап шығарады. Жас кәсіпкер Ресейдің Волгоград қаласында жүріп, мүсін жасайтын цехта жұмысын бастаған. Нәтижесінде шыққан өнімнің жартысынан астамын Елімізге сауда нарығына шығарып отырған екен.

СНХ: ДАНИЯР МУРЗАБЕКОВ –  Бүгінде мен жасап, шығарып жатқан мүсіндерге сұраныс бар. Көп демей-ақ қояйын, өйткені кәсібімді енді бастап жатырмын. Ақтауға әр апта сайын барып, дүкен сөрелеріне тапсырып тұрамын. Әзірзе, мульт персонаждардан құйып жасап жатырмыз, келешекте ұлттық нақышта жасаймын деген жоспарда жоқ емес.

Қазір ол "Атамекен" микроқаржы ұйымынан 2,5 млн. теңге несие алып, Құрық ауылынан шағын цех ашып,  2 адамды тұрақты жұмыспен қамтып отыр. Дайын бұйымдарды көтерме бағамен Ақтаудағы сауда нүктелеріне өткізеді. Бағасы 1650 теңгеден басталады. Былтыр қолға алған кәсібінің арқасында 600 дана мүсін жасап, саудаға шығарған. «Жас келсе, іске» демекші, «Атамекен» қаржы ұйымынан алған ақшамен шектелмей,  Осы жылы бизнесін кеңейту үшін «Ерсай» компаниясының конкурсына қатысып, 3 млн. теңгенің грантын жеңіп алған.

Сөз соңында

Қандай да бір бастама, еңбек пен қажырлықты талап етеді. Қол қусырып отыратын уақыттың көші әлдеқашан жылжып өткен. Сондықтан, сөзден әрекетке көшетін уақыт туды. Олай болмаған жағдайда көштің керуенінен алыс қаламыз ағайын!  


Еншілес ұйымдар

Серіктестер