astana-view

Екібастұз кәсіпкерлерін инфрақұрылым жүргізу мәселесі алаңдатады

2018 жылғы 20 Ақпан
- Павлодар облысы
6444 просмотров

Өңірлік кәсіпкерлер палатасының Екібастұз қаласындағы филиалында бизнес пен жергілікті атқарушы органдардың өкілдері өзекті мәселелерді талқылады

Анықталғандай бизнес нысандарына қажетті инфрақұрылымды жүргізу түйткілді мәселеге айналған.

Мұндай жағдайда кәсіпкерге «Бинестің жол картасы ­– 2020» бағдарламасы көмектеседі, оның екінші бағыты бойынша кәсіпкерлерге шағын және орта бизнестің жобаларына қажетті өндірістік инфрақұрылымды жүргізуге көмек көрсетіледі.

«Балтабай» шаруа қожалығы басшысының айтуынша, қожалыққа электр желісін жүргізу қажет болған. Осы ретте мемлекеттік қолдау дер кезіндегі көмек. Осы бағдарлама бойынша қаражат қандай нәрселерге бөлінетінін қызықтыратынын жасырмады.

Жетекшілік ететін мекеменің мамандары кәсіпкерге бөлінетін қаржы электрмен жабдықтау, су жүргізу, сумен қамтамасыз ету, оның ішінде су жүргізуге қажетті ұңғыманы қазу және газ тарту жүйесінің құрылысына және қайта құруға арналатынын айтты.

Өңірлік кәсіпкерлер палатасының Екібастұз қаласындағы филиалының директоры Медият Мұсанаптың айтуынша бағдарламаға қатысу үшін бизнес жоба бірнеше белгілерге сай болу керек.

Қатысушыларды іріктеудің басты белгісі экономика секторының басымдығында. Жаңа жұмыс орындарын ашу, бюджетке салық түсіру, өнім өндірісінің көлемі мен соңғы өнімнің өндірісі есепке алынады.

«Кәсіпкерлер үшін инфрақұрылымды жүргізу айтарлықтай маңызды. Мәселелер қордаланып қалған. Қаржы алу процедурасын түсіндірдік. Өтінім беруге қажетті құжаттардың тізімі де таныстырылды. Былтыр бағдарламаның осы бағыты бойынша екі жоба жүзеге асырылды, биыл бұл көрсеткішті жақсартуды жоспарлап отырмыз», - деді филиал директоры.

Бағдарламаға қатысушыларды жобаны, оның жүзеге асыру мерзімін қаншалықты жиі мақұлдайтынын, қаржыландыруды қалай бөлетіні қызықтырды.

«Қажетті инфрақұрылымды жүргізуге қатысты мемлекеттік қолдауды көрсету өтінімі ай сайын қаралады. Жобаны қаржыландыру кәсіпкердің қатысуынсыз өтеді, яғни құрылысына, материал таңдауға кәсіпкер қатыспайды. Барлығы да республикалық немесе жергілікті бюджет есебінен мердігерлік мекемелер арқылы жасалады. Кездесу соңында «Балтабай» шаруа қожалығының жобасын сүймелдеуге алдық», - деп атап өтті Медият Мұсанап.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер