astana-view

Екі жылда ақтөбелік бизнесмендердің құқықтары шамамен 2 млрд теңгеге қорғалған

2018 жылғы 20 Ақпан
- Ақтөбе облысы
4545 просмотров

Бизнес-омбудсмен институтының құрылғанына 2 жыл толады. Осы атаулы  күнге Кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау жөніндегі уәкіл аппаратының Ақтөбе облысы бойынша секторы едәуір үлкен көрсеткіштермен жетіп отыр. Барлығы 709 өтініш қаралып, бизнестің меншік құқығы 1 млрд. 900 млн. теңгеге қорғалған.

Бизнес-омбудсмен өңірлік секторының алғаш құрылған 2016 жылы Кәсіпкерлер палатасына бизнесті қорғауға байланысты 340 өтініш түскен болатын, былтырғы өтініштер саны 369 болды. Осылайша, Кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау жөніндегі уәкіл аппаратының екі жылдық  қызметі аралығында 709 өтініш қаралған. Кәсіпкерлер палатасының кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау жөніндегі уәкілі секторының меңгерушісі Руслан Куйшиновтың айтуынша, проблемалық мәселелер бойынша түскен жалпы өтініштердің 50% шешімін табады.

Оның пікірінше, кәсіпкерлердің шағымдарының көбеюі - өңірлік палатаның қызметіне кәсіпкерлік субъектілерінің сенімінің артуының белгісі, бұл, өз кезегінде, Палата жұмысының оң нәтижесі болып табылады.

Мәселен, 2017 жылы ӨКП-на құқықтық қорғау бойынша 369 кәсіпкерлік субъектісі өтініш білдіріп, ондағы түскен шағымдардың жалпы санының 184 немесе 50% оң шешімін тапқан. 30 бизнес субъектісінің 802,9 млн. теңге сомасында мүліктік құқықтарын қорғау қамтамасыз етілді. Кәсіпкерлер құқығын қорғау жөніндегі Кеңестің он отырысы өткізіліп, оның ішінде Хромтау ауданында екі көшпелі кеңес отырысы өтті, ондағы бір көшпелі кеңес Ақтөбе облыстық прокуратурасымен бірлесіп ұйымдастырылды.

«Өткізілген Кеңестерде барлығы 23 проблемалық мәселе қаралып, оның ішіндегі 17-сі оң шешімге ие болды, қалғандары Өңірлік Кәсіпкерлік палата қарауында.  Талқылау нәтижесінде жергілікті атқарушы және мемлекеттік органдарға 23 ұсыныс енгізіліп, олардың 74% -ы қолдау тапты. Кәсіпкерлердің құқықтарын бұзған алты лауазымды тұлғаны жауапқа тартуға бастамашылық жасалды», - деп атап өтті директордың заң мәселелері жөніндегі орынбасары Руслан Куйшинов.

Мысалы, Кәсіпкерлер палатасына «Астр-С» серіктестігі ҚР ИДМ Индустриалдық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің Ақтөбе облысындағы департаментінің лауазымды тұлғаларының заңсыз әрекеттеріне шағымданған. Шағымда инспекторлардың өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы шарттарды жасау бөлігін тексеру қорытындысы бойынша ұйғарымдар мен актілерді талғамалы түрде жасайтындары көрсетілген. Олардың ұйғарымдары бойынша келісімшарттар тек кәсіби әскерилендірілген авариялық-құтқару қызметімен (КӘАҚҚ) ғана жасалуы керектігі қарастырылған.

Бұл мәселе 2017 жылдың қазан айында сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұру және құқық қорғау бойынша Кеңес отырысында қаралды. Кеңестің шешімі бойынша кәсіпкерлік субъектілердің құқықтары мен заңды мүдделерінің бұзылуын анықтау мақсатында аталмыш мәлімет Қазақстан Республикасының Ақтөбе облысы бойынша Құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитеті басқармасына жіберілді. Комитет басқармасы «Астр-С» ЖШС-нің  шағымында көрсетілген дәлелдерді дұрыс деп тапты.

«Анықталған құқық бұзушылық бойынша заң бұзушылықты жою туралы қаулы енгізілді. Талқылау нәтижесіне сай Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің жауапты хатшысының тапсырмасы бойынша  Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің Ақтөбе қаласы бойынша департаментінің басшысының орынбасары Б. Бекеев сөгіс түріндегі тәртіптік жауапкершілікке тартылды, департамент басшысының бұйрығымен бас маман Т.Тілеулинге сөгіс берілді», - деп хабарлайды Руслан Куйшинов.

Сонымен қатар, бақылау парағындағы кәсіби әскерилендірілген құтқару қызметімен келісім жасау туралы талапты қолдану тәжірибесі бұдан кейін Департаменттен алынып тасталады.

Сондай-ақ оң мысал ретінде «АқтөбеГорДорСтрой» ЖШС-нің Ақтөбе қаласындағы Мемлекеттік кіріс басқармасының лауазымды тұлғаларына қатысты «Эпактида» ЖШС-мен өзара есеп айырысу бойынша салықтық тексеру нәтижелері бойынша салықтардың сомасын өсіруге қатысты шағымын атап өтуге болады. Материалды зерттеу барысында салықтық тексеру қорытындысы 2015 жылғы 10 қаңтардағы «Эпактида» ЖШС басшысына қатысты Ақтөбе облысынық ЭТҚ МКД бөлінген бөлек өндіріс бойынша «Эпактидамен» қаржы-экономикалық есеп айырысу жөніндегі ҚР Қылмыстық кодексінің 192-1 бабы бойынша қылмыстық істі тоқтату туралы шешім негізінде шығарылғаны анықталды. Процессуалдық шешім iстiң мән-жайын жан-жақты, толық және объективтi зерттеуге заңда көрсетілген барлық шараларды қабылдаусыз жасалған.  ӨКП шағымды қарау нәтижелерi бойынша, Ақтөбе облысының прокуратурасы «АктобеГорДорСтрой» ЖШС басшысы Николай Буаканаевқа қатысты ЭТҚ қылмыстық істі тоқтату туралы қаулысын жоққа шығарып, Ақтөбе облысы бойынша МКД салық хабарламаларын жою туралы ұсыныс жасады. Қабылданған шаралар нәтижесінде 128 701 725 теңге мөлшерінде компанияның меншік құқықтары қорғалды.

Осы мысалдардың барлығы бизнес-омбудсмен аппаратының кәсіпкерлердің құқықтарын сенімді қорғаушы екенін дәлелдей алды», - деді  директордың заң мәселелері жөніндегі орынбасары Руслан Куйшинов.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер