astana-view

Кәсіпкер жауапкершілігі артады

2018 жылғы 21 Ақпан
- Қарағанды облысы
5837 просмотров

114 мемлекеттің қызметтің 7-уі бәсекелік ортаға берілді

Айта кетелік, ҚР Инвестициялар және даму министрлігінің құзіретіне өнеркәсіп, өнеркәсіптік қауіпсіздік, геология және жер қойнауы пайдалану, техникалық реттеу мен метрология, азаматтық авиация, автомобиль жолдары, жаңа технологиялар, инвестициялар, құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласында барлығы 141 қызмет кірген.

 Жыл басынан қызмет саны 114-ке дейін қысқарып, оның 20-сы алынып тасталып, 7-уі бәсекелік ортаға берілетін болды. Сондай-ақ, оңтайландыру бойынша бірыңғай ұстанымы жоқ қызмет түрлері бар екенін айта кету керек.

Өңірлік кәсіпкерлер палатасы директоры Ернар Күлпейісовтың айтуынша «Атамекен» және министрліктің бірлескен жұмысы нәтижесінде қалған қызмет түрлері уақытында және құжаттар тізбесіне сәйкес оңтайландырылатын болады. Қазіргі таңда кәсіпкерлерге қызметтер түрлері бойынша танысу мен ұсынысытар енгізу үшін таныстырылым жіберілді.  

 Анықтама үшін:

Бәсекелік ортаға берілетін мемлекеттік қызметтер атауы:

  1. Жүк көліктерінің салмағын өлшеудің халықаралық сертификатын беру;
  2. Тез бұзылатын тамақ өнімдерін халықаралық тасымалдау және осы тасымалдарға арналған арнайы көлік құралдары туралы келісімге сәйкес берілген куәлік;
  3.  Энергия аудиторларына кандидаттарды аттестаттау;
  4. Оқ-дәрілерді, қару-жарақ пен әскери техниканы, олардың қосалқы бөлшектерін, жинақтаушы бұйымдары мен аспаптарын, сондай-ақ монтаждауды, реттеуді, жаңғыртуды, орнатуды, пайдалануды, сақтауды, жөндеуді және сервистік қызмет көрсетуді қоса алғанда, оларды өндіруге арналған арнайы материалдар мен жабдықтарды әзірлеу, өндіру, жөндеу, сатып алу және сату жөніндегі қызметті жүзеге асыруға лицензия беру;
  5. Жарылғыш және пиротехникалық заттар мен олар қолданылып жасалған бұйымдарды (азаматтықты қоспағанда) әзірлеу, өндіру, сатып алу, өткізу, сақтау жөніндегі қызметті жүзеге асыруға лицензия беру;
  6. Жауынгерлік қол атыс қаруы мен оның патрондарын әзірлеу, жасау, жөндеу, сату, сатып алу жөніндегі қызметті жүзеге асыруға лицензия беру;
  7. Тұрғын үй көмегін тағайындау.

 


Ұқсас жаңалықтар:

Еншілес ұйымдар

Серіктестер