astana-view

Студенттердің бизнес-идеялары кәсіпкерлерге таныстырылды

2018 жылғы 26 Ақпан
- Қарағанды облысы
7181 просмотров

«Start-up «Bolashak 3 маусым» стартап-жобаларының байқауына дайындық қызу

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі 2018 жылдың басынан бері «Start-up «Bolashak 3 маусым» стартап-жобаларының республикалық байқауын өткізіп отыр. Бұл жобағы Қарағанды экономикалық универстеті жанындағы колледж бен «Мода» колледжінің студенттері белсене қатысты. Ойшылдар сайысы Қарағанды облысы кәсіпкерлер палатасының қолдауымен өтті. Студенттер бизнес-идеяларын таныстырды.

Іс-шараның мақсаты – кәсіпкерлер мен бизнес-жаттықтырушылардан  тәлім әрі кеңес алу, бизнес-идеяны көпшілік алдында таныстыру.

Студенттерге ҚазТұтынуОдағы Қарағанды университеті жанындағы Экономика, бизнес, құқық колледжі  бизнес-мектебінің оқытушылары Виктория Винокурова мен Карина Хамзина жетекшілік етеді.

Кәсіпкерлер палатасы адами капиталды дамыту бөлімінің басшысы Қарлығаш Оспанова қатысушыларға сәттілік жолдап, табысты кәсіпкерге айналуларына тілектестік білдірді.

Қарағанды облысы Білім беруді дамытудың оқу-әдісмелік орталығы техникалық және кәсіби білім беру бөлімінің жетекшісі Татьяна Нартова студенттердің дайындағы да, іс-шараның ұйымдастырылуы да жоғары деңгейде екенін атап өтіп, колледж студенттеріне сәттілік тіледі.

Мұнымен қоса, бизнес-жаттықтырушы, «Topflight» компаниясының негізін қалаушы Нұрым Әбдіқалықова таныстыру барысында тәжірибесімен бөлісіп, кеңесін беріп, идеяға әрі келешекте оның дамытылуына қатысты ұсыныстарын айтты.

Таныстырылымда кәсіпкер әсіресе студент Никита Волковтың бизнес-идеясына ерекше қызығушылық танытты.

Жастар жобаларды таныстыра отырып, шабыттанып, нағыз қажетті кеңестер алып, жобаларын республикалық деңгейге шығаруға дайындықты бастап кетті.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер