astana-view

Күзербаев Дидар Жамбыл облысындағы «Бастау Бизнес» жобасы жайында ой бөлісті

2018 жылғы 26 Ақпан
2365 просмотров

- Өзіме келетін болсам, Жамбыл облысының тумасымын. Қазіргі уақытта Меркі ауданының бизнес-жаттықтырушысы қызметін атқарамын. 2017 жылы 6 ағым оқытып шығардық. Өзім жайлы айтатын болсам, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде жоғарғы білім алдым. Оның алдын Қазақ гуманитарлық заң университетінде маркетолог ретінде бас маман болып қызмет атқардым. Тәжірибе тұрғысынан қарағанда жатттықтырушы ретінде өзімді алғаш сынап көрудемін.

- Белгілі бір саланы үйретпес бұрын, адам өз басынан тәжірибе жүзінде аталмыш саланы өткізу қажет деген түсінік бар. Өзіңіздің кәсібіңіз бар ма? Қандай бағытта жұмыс істейсіз?

- Өзім жеке кәсіпкермін. Құрылыс, мал шаруашылығы саласында тендермен айналысамын. Қазіргі таңда жұмыс істеп тұрған кәсіп. Жаттықтырушылықпен қатар бизнесті де дамытуды қатар алып келемін. Жоба арқылы үлкен тәжірибе алып, жеке кәсібімде тиімді қолданудамыз.

- «Бастау Бизнес» жобасы жайында айтып берсеңіз? Жобаға қалай келдіңіз?

- Жоба жайында айтатын болсам, өткен жылы 189 адам оқыттық. Жылдың соңында  оқу курсынан өткен 39 түлек несие алды. Несие көлемі 3 миллионан 6 миллион теңгеге дейін аралықты қамтиды. Мен қызмет көрсеткен ауданда негізінен мал шаруашылығы жақсы дамып, оның ішінде бұқа бордақылау саласы ерекше көзге түседі. Кәсіптің 80% осы аталған салаларға байланысты. Қалған 20% ет-сүт шаруашлығы сында ауыл шаруашылық кешенінің құрамдас бөліктері.  Қазіргі таңда алдымнан өткен 100 жобаға қатысушылардың кәсіптерін несиелендіріп, ары қарай бизнестерін ашуға көмек көрсетуге байланысты мақсатымыз бар. Айта кететін жайыт, жобаның басты бағыты несие алып беру емес, кәсіп ашам деген азаматтарға кәсіпкерліктің негіздерін үйрету. Қалай кәсіп жүргізу керек? Бұл арада өңірдің өзіндік ерекшелігі, менталитет деген бар. Жобаның тиімділігі жайында ауыздан ауызға тарау арқылы жақсы бедел қалыптасқандығы байқалады. Мәселен, 100 қой алып, 5 жыл өткен соң 500 қой болды делік. Кез келген ауыл тұрғыны маған неге солай істемеске деп ойлайды. Жеке келіп, солай айтқан адамдар баршылық. Бірақ, сол уақыт көлемінде мал санын жақсы өсіруге қалай қол жеткізуге болатындығы жайында ешкім айта алмайды. Біздің мақсат ақша қолға түскеннен бастап 5 жыл көлемінде несиені төлеп, сонымен қатар, өзінің бизнесін дамыту үшін сауатын ашамыз. Мектеп бітіргелі бері 30-40 жыл қолданыра қалам ұстамаған ағаларымыз жобаға келу арқылы жақсы жолға бет бұрып, білім алып жатқан жайы бар.

- Әр жаттықтырушы өзіндік ақпарат беру тәсілімен ерекшеленетіндігі белгілі. Соған байланысты өзіңіздің кәсіпкерлік негіздерін үйрету тәсілімен бөліссеңіз?

- Оқыту курсы басталмас бұрын бекітілген ауданға алдын ала барамыз. Бір ай көлемінде зерттеу жүргізіп, жалпы бұқараның мәдениеті мен тұрмыс-тіршілігін танып, білеміз. Нәтижесінде қай салада өнеркәсіп пайда тигізеді, қандай шаруашылық түрі даму әлеуеті жоғары, ауданның негізгі артықшылықтары мен кемшіліктерін анықтаймыз. Мәселен, өзімнің жеке тәсілдерімнің бірі ауданның белсенді әрі беделді азаматтарын мысал ретінде алып көрсетемін. Биік белестерді бағындыру, жоғары дәрежеге жету бірден емес, еңбек-термен, білектің күшімен келген дүние екендігін түсіндіреміз. Оқу тек теория емес, ойын, тәжірибе түрінде басқа өнеркәсіп не кәсіпорындармен танысу арқылы жүргізіледі. Негізі бағыт мал шаруашылығы болғанымен, басқа да салаларға назар салу қажет. Сөзбен айту оңай, сөзбен жеткізу, қолмен көрсету тағы бір іс.

- Ауданды зерттеу барысында Мерке ауданының кәсіби саладағы әлеуетіне қандай баға бересіз?

- Жамбыл облысы бойынша Меркі ауданы дамыған аудандардың үштігіннің қатарына кіреді. 140 мың тұрғыны бар, кәсіп даму деңгейі жаман емес. Дегенмен, жұмыссыздық байқалады және бұл мәселені шешу үшін жолдар ізделуде. Мәселен, таулы аймақ болғандықтан негізінен мал шаруашылығы дамыған. Жеке қосалқы шаруашылық түсінігі таралып, мәселен әр үйде жоқ дегенде  10 қойдан және 1 сиярдан бар. Жасыратыны жоқ, ресми тіркелмеген, салық салынбайтын кәсіп. Бизнеске деген әлеуеті өте жоғары. Біле білсеңіз, әрбір бейсенбі сайын Меркі ауданында жалпы Қазақстанға танымал мал базары болады. Ауданның барлық тұрғындары аталмыш шараға белсенді қатысады. Біреуі мал сатады, біреуі мал алады, біреуі сүт алады деген сияқты. Меркіде екі үлкен өнеркәсіп бар: Меркі сыр зауыты және ет комбинаты. Осы жолы біздің мемлекет тарапынан Иранға ет өткізілгені белгілі. Жалпы алғанда кәсіпке бейімделген, дамыған аудандардың бірі. Сонымен қатар, Батыс Еуропа-Батыс Қытай автомагистралі өтетіндіктен тауар айналым жүргізуге жағдай жасалған.

- Аудандарда «Бастау Бизнес» жобасына қызығушылық қандай? Биылғы жылға жоспар бекіткен боларсыздар?

- Жоспар бойынша 2017 жылы 193 адам оқыту мақсат болды және біз ол жоспарды 6 лек ауқымында толық орындап шықтық деп айтуға болады. Жобаға сұраныс бастапқы уақытта аз болғандығы шындық. Алайда, нақты нәтижелерді көрсеткен соң қазіргі таңда бәсекелестік байқалып келеді. Ауылдық аймақта туған-туыс, дос-жаран, көрші-қоланға тарап, жоба жайында оң тікір қалыптасқандығы байқалды. Қазіргі таңда биылғы жылдың екі ағымына 60 шақты қатысушы дайын. Келісім шарт бойынша бір ағымда 17 адамнан 50 адамға дейім оқытылады. Бізге жоспар береді, сол бойынша жыл бойынша жұмыс анықталады. Ауылдың тұрғындары жаз бастала егінге баруға байланысты оқыту курстарына келетін адам табу қиын болып қалады. Сол себепті жаз айларында қызығушылық аз. Көктем-күз айлары сұраныстың шарықтау шегінің мерзімі. Биылғы жылғы жоспар бойынша 190 адам оқытылуы тиіс.

- Жұмыстарыңыз жетісті болғай, сұхбатыңызға рақмет!

Сұхбаттасқан Динар Шахай


Еншілес ұйымдар

Серіктестер