astana-view

Ташкентте жиһаз көрмесі өтеді

2018 жылғы 02 Наурыз
4713 просмотров

2018 жылдың 24 мен 26 сәуір аралығында Ташкент қаласында «ITECA Exhibitions» халықаралық көрме компаниясы «Өндіріс технологиясы. Ағаш өңдеу. Жиһаз бен интерьер – MebelExpo Uzbekistan 2018» атты 15-шы Халықаралық  көрмені өткізуге дайындықты бастады

15 жыл ішінде аталмыш көрме Орта Азияның жиһаз бен ағаш өңдеу саласында ірі көрме шарасына, саланың кәсіби мамандары үшін іскерлік алаңға айналды. Жылдан жылға жергілікті және шетелдік экспоненттер мен мыңдаған мамандар бұл көрмеге жаңа шабыт, жаңа идеялар іздеп, қарқынды технологияларды меңгеру үшін келеді.

Өтетін орны: Өзбекстан, Ташкент қаласы, НВК «Узэкспоцентр», №3-4 павильондары

 Аталған шараға Қауымдастықтар мүшелері, жиһаз және ағаш өңдеу өнеркәсібі, сондай-ақ дайын жиһазға арналған құрал-жабдық, қосалқы бөлшектер, фурнитураның бөлшек және көтерме сауда желілері өкілдері қатыса алады.

Көрме бөлімдері:

  • Ағаш өңдейтін жабдық; Құралдар; Жиһаз өңдеуге арналған шикізат пен материалдар;
  • Жиһаз фурнитурасы; Жиһаз химиясы: желімдер, сырлар, бояулар; Үй мен кеңсе арналған жиһаз; Интерьер мен сән бұйымдары.

Биыл MebelExpo Uzbekistan көрмесі 20 мемлекеттен  100-ден астам жетекші жиһаз компанияларын қарсы алмақ. Қатысушы мемлекеттер арасында Қазақстан, Қытай, Қырғызстан, Пәкістан, Польша, Ресей, Сербия, Словения, Түркия, Өзбекстан, Чехия, Швейцария, Швеция, сонымен қатар Тайвань бар.

Халықаралық қонақтар қатысатын көрмеде Өзбекстанның жетекші компаниялары өз өнімдерін ұсынады. Олардың өнімі сапалы, әрі сұранысқа ие.

Отандық жиһаз өнімінің экспортын арттыру мақсатында өзбек кәсіпкерлер көрме аясында Арнайы бейерлік бағдарламаны  ерекше қонақтарға – көтерме сатып алушылар, дистрибьюторлар, ретейлерлер және басқа да кәсіби мамандарға қолданады.  

Осы бағдарлама аясында тіркелген байерлерге арнайы жеңілдіктер ұсынылмақ.

Толық ақпарат ұйымдастырушылардың ресми сайтынан алуға болады: www.mebelexpo.uz

 Байерлік бағдарлама


Еншілес ұйымдар

Серіктестер