astana-view

Қызылордадағы құлаған жатақхана тұрғындарын кәсіпкер Төреғали Шанкерей тамақтандыруда

2018 жылғы 03 Наурыз
- Қызылорда облысы
1241 просмотров

Қызылорда қаласындағы құлаған жатақхана тұрғындарын «Аль Асад» ЖШС-нің директоры Төреғали Шанкерей қамқорлығына алып, баспанаға көшкенше тамақтандырып, тұрмыстық қажетті заттармен қамтамасыз етуде

«Аталмыш жатақхана тұрғындары уақытша біздің мектепке орналастырылды. Бүгінде 150-ге жуық адамды уақытша тұрғынжаймен қамтамасыз етіп отырмыз. Тұрғындар біздің бекетке келген уақыттан бастап қызылордалық кәсіпкер Төреғали Қарышұлы азық-түлік, тұрмысқа қажетті заттармен қамтамасыз етуді мойнына алды. Тіпті сәбилердің жөргектеріне дейін өлшемін сұратып, қамтамасыз етуде. Уақытша қиындыққа кезіккен азаматтарға осылайша қолұшын созып отырған кәсіпкерге алғыстан басқа айтарымыз жоқ», - деді «Мұрагер» мектебі директорының орынбасары Азатбаева Эльмира.

Мұнан өзге, аталмыш мектептегі № 6 «а» сынып оқушыларының ата-аналары жатақхана балаларына арнайы қойылымдар ұйымдастырып, көңілін көтерді.

Айта кету керек, 28 ақпанда жергілікті уақытпен сағат 22.40-та Титов тұрғын ауданы 16А мекенжайы бойынша орналасқан жатақхананың тұрғындар қоныстанбаған бөлігі құлады. Ғимараттың төртінші подъездінің 1 және 5 қабаты аралығындағы бөлігі опырылып түсті. Зардап шеккендер жоқ. Жатақхананың екінші бөлігінде тұратын 46 отбасы қауіпсіз жерге, «Мұрагер» мектебіндегі эвакуациялық бекетке көшірілді.

Жақсылық жасауға асығайық!


Еншілес ұйымдар

Серіктестер