astana-view

ҚР Президенті «Бастау Бизнесті» қаржыландыруды 20 млрд теңгеге дейін арттыруды тапсырды

2018 жылғы 05 Наурыз
6547 просмотров

Парламент палаталарының бірлескен отырысында Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев әлеуметтік жаңа бастамаларды айтты

Солардың бірі өзін-өзі жұмыспен қамтыған және жұмыссыз азаматтардың арасында жаппай кәсіпкерлікті дамыту бойынша жүргізілген жұмыс аясында халыққа шағын несие беруді кеңейтуге қатысты.

Өзін-өзі еңбекпен қамтыған және жұмыссыз тұрғындардың арасында жаппай кәсіпкерлікті дамыту үшін атқарылып жатқан жұмыстардың аясында жеңілдетілген шағын несие беру неғұрлым тиімді тетік саналады. 2017 жылы жалпы сомасы 32 миллиард теңге болатын 7200 шағын несие берілді. Алайда, «Бастау Бизнес» жобасы бойынша білім алған тағы 5 мың адам өз ісін бастауға қажетті шағын несиелерді ала алмады», – деді Мемлекет басшысы.

Осыған орай Президент өткен жылмен салыстырғанда биыл шағын несиені 20 млрд теңгеге арттыруды тапсырды.

«2018 жылы қосымша 20 миллиард теңге бөліп, шағын несиелердің жалпы сомасын 62 миллиард теңгеге жеткізуді тапсырамын. Нәтижесінде шағын несие алатындардың саны 2017 жылмен салыстырғанда 2 есеге артып, 14 мың адамға жететін болады.Бұл жұмысты одан кейінгі жылдарда да белсенді жалғастыру керек. Бастама мыңдаған адамға өз ісін ашуға мүмкіндік беретіндігімен маңызды. Бұл, әсіресе, ауыл-аймақтар үшін, ауылдағы кәсіпкерлікті дамыту үшін айрықша маңызды екенін атап өткім келеді», – деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың «Президенттің бес әлеуметтік бастамасы» атты халыққа үндеуі


Еншілес ұйымдар

Серіктестер