astana-view

Астана кәсіпкерлерін шағын несиені арттыру туралы ақпарат қуантты

2018 жылғы 06 Наурыз
- Астана қаласы
5049 просмотров

Биыл «Бизнес Кеңесші» бағыты бойынша Астана қаласы кәсіпкерлер палатасы Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығында кәсібін енді бастаған 200-ден астам кәсіпкерлер сертификат алды

Солардың бірі Еркін Абдуллаев Елордада білім беру орталығын ашқысы келеді. Бүгінде оның қолында бизнес-жоспар бар әрі кеңсесі де дайын. Ғимаратты жөндеп, қажетті жиһаз алуға қаражат жетпейді.

«Бүгін Президент Парламент палаталарының бірлескен отырысында кәсібін жаңадан бастағандар үшін жеңілдікпен несие берудің сомасын 20 млрд теңгеге арттыруды тапсырды, былтырғымен салыстырғанда әлдеқайда көп. Бұл біз үшін жақсы жаңалық. Астана қаласы кәсіпкерлер палатасының базасында жеке кәсіп бастауды, несие алу үшін не істеу керектігін үйрендім, енді мақсатыма жету үшін жеңілдетілген несие алғым келеді», – деді Еркін Абдуллаев.

Жалпы былтыр Астана қаласы кәсіпкерлер палатасының базасында 2 мыңнан аса азамат бизнес курсынан өтіп, бизнес-жоба дайындау, салық есебін дайындауды үйренді.

Биыл осы бағыттағы жұмыс жалғасады. Кәсіпкерлер палатасы қаржылай емес қолдау көрсету бөлімінің басшысы Ақнұр Абаева «Бизнес Кеңесші» бағытында 230 адам білім алып, 500 адам өтініш білдіріп, кезегін күтіп отырғанын хабарлады.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер