astana-view

Ақмола облысында субсидия бөлгенде аудандардың ерекшелігін ескеруді ұсынды

2018 жылғы 06 Наурыз
3785 просмотров

Ақмола облысы кәсіпкерлер палатасында аудандағы кәсіпкерлерге қолдау көрсету мәселелері жөніндегі филиал директорларына арналған семинар-жиналыс өтті. Облыстағы 11 аудан мен қаладағы кәсіпкерлер палатасы филиалдарының басшылары жаңалықты біліп қана қоймай, сауалдарына жауап алды.

«Даму» қорының өкілі Ботагөз Хасенова «Бизнестің жол картасы – 2020» бағдарламасы аясында субсидиялаудағы өзгерістер туралы айтты.

«Өзгертуге қатысты жайттың бірі – субсидиялау мерзімі. Егер бұрындары субсидиялау мерзімі 3 жыл, ұзартуымен 6 жыл болған, енді ұзартусыз мерзімі 5 жыл болады», – деп атап өтті қор менеджері.

Басқа да критерийлерге тоқталды. Мысалы қонақ үй немесе қонақ үй кешенін алуға бағытталған несиені субсидиялауды шектейтін критерий алып тасталды.

Сонымен қатар «Бастау Бизнес» жобасы туралы да мәселе көтерілді. Палата өкілдері курстан өткендер үшін ауыл шаруашылығы техникасын лизингке алу мүмкіндігін қарастыруды ұсынды.

Сонымен қатар Кәсіпкерлер палатасының аудандық филиалдары директорының алдында Ақмола облысы Ісшкі істер департаментінің ұйымдасқан қылмыспен күрес басқарамасының өкілі Дмитрий Бежанар сөз сөйледі. Кәсіпкерлер қандай мәселемен жүгіне алатынын айтқан өкіл кез келген уақытта байланыста екенін хабарлады.

Мемлекеттік қолдау шараларында қандай өзгертулер орын алатыны туралы «ҚазАгроФинанс» АҚ мен «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ өкілдері баяндады. Өңілік кәсіпкерлер палатасының директоры Қайрат Сұлтанов бұл ақпаратты аудандарға дейін жеткізуді ұсынды.

«Облыс адандарына барып, халыққа мемлекеттік қолдау шаралары құралдары туралы ақпарат беруді ұсынамын. Әрбір ауданның ерекшелігін ескеру керек. Осы маққсатта өз ауданының әлеуетінде ақпарат білетін аудан әкімдеріне назар аудару керек», – деді Қайрат Сұлтанов.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер